Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырылуда

5 ақпаннан бастап жеке тұлғалар арасында берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы барлық өңірде жүргізіледі. Еліміздегі  17 өңір мен 3 республикалық маңызы бар қаланы қамтитын бұл жобада қаржы сарапшылары халықты оқытып, қаржылық сауатын арттыруға көмектеседі. Әсіресе, онда несие мерзімі 90 күннен асып кеткен азаматтарға басымдық беріледі. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын  мен облыстық «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Замзагуль Сламбекова Журналистер  үйінде  өткен  баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Еске  сала  кетсек,  өткен  жылы басталған  пилоттық жоба өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды.

«2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, оның игілігін барша  халық  көруі  керек деген еді. Биылдан бастап 17 өңір мен 3 республикалық маңызы бар қаланы қамтитын жобада 150  мыңдай адамды оқыту көзделген. Соның ішінде Жетісу облысында 6 жарым мың адамды оқыту жоспарланып отыр», — деп атап өтті Арыстанғали Қадырұлы.

Оқу  басталғалы облыста Ақсу, Ескелді, Көксу, Панфилов аудандары және Талдықорған қаласында 3 аптаның ішінде 750 адам оқудан өтіп, қаржылық сауаттылығын арттырды.

«Жоба бойынша қаржы сарапшылары барлық ауданда жұмыс істей бастайды. Оларға кез келген уақытта барып, кеңес алуға болады. Оқу 3 апта, 5 күн оқытылады. Сонымен қатар жоба аясында еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында, колледждерінде және мектептерінде қаржылық сауат бойынша білім беру платформасы іске қосылып, қаржылық сауат курсы енгізіледі. Осылайша,  «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында әрбір қатысушының өзі және жақындары үшін жеке қаржылық жауапкершілігі, қаражат жинау және жоспарлау мәдениеті қалыптастырылады», — деп қорытындылады Замзагуль Сламбекова.

Related Posts

Жетісу облысы

Қаратал ауданында туған күн иелері дауыс берді

Бүгін 61 жасқа толып жатқан Қаратал ауданы, Бәйшегір ауылының тұрғыны Сатай Серікбол Республикалық Референдумға өзінің сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасады. Туған күн иесі бұған дейін бірнеше сайлауға қатысқан, бірақ бұл
Жетісу облысы

Жетісу өңірінде экологиялық мәдениет қалыптастыру жұмысы қолға алынбақ

Жетісу облысында экологиялық жоба аясында өңірдің өзекті экологиялық мәселелерін анықтап, шешуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бұлардың бірқатарымен Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте «Жасыл ниеттестік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлия Ахмедиева және облыстық
Қоғам

Қарызсыз қоғам: Алматы облысының сарбаздары қаржылық сауаттылықтарын арттырды

Жоба аясында өңірде жалпы 9 мыңға жуық азамат қаржылық сауатын арттырды. Бүгін Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлімінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты оқыту бойынша ауқымды жоба жалғасты. «Бүгін аманаттықтар