Жаңалық

Қарасайлық дәрігерлер ауыр диагнозбен түскен науқасты құтқарды

Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1953 жылғы әйел ауыр хәлде түскен. Дәрігерлер қажетті сараптамадан кейін 70 жастағы науқасқа В вирусты гепатиті дамып, бауыр циррозына әкелгенін анықтаған. Портальды гипертензия синдромы қойылған. Яғни, 3 дәрежелі өңештің варикозды кеңеюі тіркелген. Ауру қан кетумен асқынған.

«1953 жылғы науқасқа ем МӘМС есебінен тегін тағайындалды. Науқаста орташа дәрежедегі постгеморрагиялық анемия екенін білдік. Бұл –  жылдам және массивті қан жоғалтудан туындаған анемия. Бейнеэзофагогастродуоденоскопия кезінде өңештің веналарынан қан кету жалғасты. Осыдан кейін азаматқа шұғыл түрде қан кету биіктігінде өңешті байлау жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай асқынусыз қан тоқтады», — деді отаны жасаған дәрігер-хирург Данияр Рустамұлы.

Дәрігер отаның сәтті өткенін айтады. Нәтижесінде зейнеткер 6 күннен кейін аурухана қабырғасынан шығарылып, үйіне қайтарылған. Оның өлім аузынан аман алып қалған ақ халатты абзал жандарға алғысы зор. Айта кетерлігі, науқасқа ем-шара міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жүргізілді. Жалпы, Қарасай аудандық ауруханасының материалдық техникалық базасы заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған және мұнда күрделі оталарды өткізуге барлық жағдай жасалған.

Related Posts

Жаңалық

Дәрігерге аяғын кесіп тастауды өтінген науқас аман қалды

Бүгінгі күні анаэробты инфекция емі хирургияда ерекше орын алады. Бұл диагноздың ерекше ауырлығымен, іріңді некрозбен асқынуымен, жұмсақ тіндердің үлкен аумақтарына таралуымен байланысты. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының хирург-дәрігері Асхат Наймасов өте
Жаңалық

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

  Жыл басынан бері Алматы облысында 505 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау
Жаңалық

Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

Қонаевта дәрігерлер көлікпен жылқыға соғылып, миына қан құйылған азаматты өлім аузынан арашалап қалды. Қалалық көпсалалы ауруханасына 29 жастағы азамат ес-түссіз күйде түскен. Компьютерлік томографиядан өткізіліп, қажетті талдаулар жүргізілгеннен кейін науқаста