Жаңалық

Алматы облысында 180 орындық заманауи дене шынықтыру – сауықтыру кешені ашылды

 

 

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында заманауи дене шынықтыру – сауықтыру кешені ашылды.

Кешенге грек-рим күресінен Әлем чемпионы, халқымыздан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді.

2022 жылы құрылысы басталған нысанға 2 534, 8 млрд.теңге жұмсалды.

Аталмыш кешенде бокс, күрес, ойын, жаттығу залы бар. Бұл залдарда бокс, еркін күрес, қазақша күрес, грек-рим күресі, волейбол, баскетбол, футбол, футзал, гандбол секілді спорт түрлерінен үйірмелер бар.

Нысанның аумағы 5477,4 м2 шаршы метр. Бұл ғимаратта Шелек ауылының тұрғындары ғана емес, көршілес ауылдардың спортқа қызығушылық танытқан балалары да жаттығуына болады. Кешенде күніне 100-ден аса бала бірнеше секцияда шеберліктерін шыңдайды. Аталмыш ғимараттың ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев айтқандай, айтулы мереке қарсаңында жаңа кешеннің іске қосылып жатқаны – облыс тарихындағы аса маңызды оқиға. Бұл қадам ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың жағдайын жақсартуға зор мүмкіндік береді.

«Сіздерді бірнеше залы мен футбол алаңы бар заманауи дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл ғимарат тек осы Шелек ауылында ғана емес, ауданда спорттың дамуына жаңа серпін береді деп ойлаймын. Себебі оның негізінде Еңбекшіқазақ ауданының №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі құрылып отыр. Мұндай қадам ауданның ішінде спорттық бәсекені арттырып, шын мықтылардың іріктелуіне мүмкіндік туғызады деп ойлаймын.

Ауыл – нағыз чемпиондар мекені. Табиғат аясында шымыр болып өскен балалар кез келген спортқа икемді келеді. Сондықтан ауылды жерлерде спорттық нысандар көптеп салынуда. Бұл орайда Алматы облысындағы 1800-ден астам спорттық ғимараттардың жартысынан көбі ауылды жерде екенін атап өткен жөн.

Қазіргі кезде Алматы облысында жалпы саны 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар. Оның ішіндегі біреуі аудан орталығы – Есік қаласында болса, енді бірі ауылдарыңызда бой көтеріп отыр», — деді облыс әкімі.

Салтанатты шараға Алматы облысының әкімімен қатар әкімінің бірінші орынбасары, облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, бокстан Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Аралас жекпе-жектен үш мәрте әлем чемпионы және әлем кубогының иегері Ардақ Назаров, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов, Бокстан бірінші орта салмақта WBC Asia чемпионы (2019) және WBA Continental чемпионы (2021) Садриддин Ахмедов арнайы қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады

Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орталығы қабылдайды. Жыл басында ғана жұмысын бастаған орталық тұрғындардың арыз-шағымдарын тиісті мекемелерге жолдап, бұқара мен жергілікті атқарушы органдар арасында алтын
Жаңалық

Басты мақсат – сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жыл басынан 3 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Бүгінде мекеме барлығы 77 жарым мыңдай адамға медициналық көмек көрсетуде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде
Жаңалық

Алматы облысында жылыту маусымы кезінде 171 өрт оқиғасы тіркелд

«Өрт тілсіз жау». Аяқ астынан шыққан өрт зардабы орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында
Жаңалық

Алматы облысында су тасқыны кезеңінде 42 гидропост орнатылды

Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында Төтенше жағдайдың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматов пен "Қазселденқорғау" ММ филиалы ІААПТБ-ның ТЖААжҚҚП