Жаңалық

Алматы облысы бойынша 400 ге жуық бала аутизм дерті бойынша тіркеуде тұр

Биыл өңірде аутизмге шалдыққандар саны 25 пайызға ұлғайған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Облыстық психикалық денсаулық орталығы»ШЖҚ МКК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Райгүл Тленова мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, баланың бойынан байқалатын аурудың бірінші белгісі — қарым-қатынас қабілетінің болмауы. Сондай-ақ бала зер салмаса, есімін атағанда қарамаса, эмоциясын көрсетпесе,ата-ана мұны дабыл деп қабылдау керек. Мұндай қылықтарды баланың бойынан 1,5-2 жасында аңғаруға болады. Егер осындай белгілер байқалса, мамандарға жүгінген дұрыс.

Ақ халатты жандардың айтуынша, емдеу жолы беймәлім аутизмге шалдыққан балалардың саны жыл санап артып келеді.
«Қазіргі таңда аутизмге шалдыққан 391 бала, 6 ересек адам тіркеуде тұр. Бұл ретте «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында ерте араласу және оңалту орталығы жұмыс істейді. Былтыр аутизмге шалдыққан 15 бала оңалтудан өткен. Бұдан бөлек, Талғар ауданында орналасқан «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» жанынан аутизмге арналған қосыша кабинет ашу жоспарлануда»,-деді Райгүл Тленова

Райгүл Тленованың сөзінше, аутизм диагнозы қойылған балалар қоғам және мемлекет қолдауына мұқтаж. Бүгінде БҰҰ шешіміне сәйкес, 2008 жылдан бастап 2 сәуір күні аутизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтіледі.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 949 қаулысымен Байланыс саласындағы «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді. Жоба негізінде ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс арқылы интернетке қосу жүзеге асырылуда. Меже 98 ауылды кең
Жаңалық

МӘМС жүйесінің еңгізілуі көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейтті

Бүгінде Алматы облысында сақтандырылған халық саны 1млн 200 мыңнан асады. Олардың 70 пайызына жуығы жеңілдік санатына жатады. Бұл азаматтар үшін мемлекет жарна төлеп келеді. Ол қатарда балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, «Алтын
Жаңалық

Алматы облысының тұрғындары тұмауға қарсы вакцина алды

  Алматы облысында тұмау мен ЖРВИ-дің таралуы ерекше бақылауға алынды. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаиловтың айтуынша, қыркүйек айынан бері 60 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 63%-ы
Жаңалық

Жетісу облысында қызылша бойынша жағдай тұрақталып келеді

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның ағашқы нақтамасымен 1016 жағдай тіркеліп, оның 721 зертханалық сараптамамен расталған. Олардың басым көпшілігі 5 жасқа дейінгі балалар, яғни 54,0%. Айта кетерлігі