Жетісу облысыҚұқық

Жетісу облысында интернет-алаяқтықтан келтірілген залал 100 млн. теңгеге жуық

2024 жылдың алғашқы үш айында Жетісу облысында интернет-алаяқтықтың 120 жағдайы тіркелді. Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мәди Бағдат бөлісті.
Полиция майоры алаяқтықтың кең таралған әдістерінің бірі жеке деректерді алу арқылы банк қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу, интернет хабарландырулар бойынша тауарға, қызметтер үшін алдын ала төлем жасау жолымен Instagram, WhatsApp, Telegram желілері арқылы, сондай-ақ, kolesa, olx.kz секілді қосымшалардан қылмыстардың жасалатынын атап өтті.
Интернет-алаяқтық жағдайларының көбеюіне жауап ретінде полиция департаменті онлайн-кеңістіктегі қылмыскерлерді анықтау және олармен күресу үшін арнайы дайындалған «Киберпол» мамандандырылған тобы құрылғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, қылмыстың алдын алуға бағытталған «Интернет-алаяқ-тықты тоқтату» іс-шарасының кеңінен қамтылғанын хабарлады. Осы әрекеттердің арқасында биыл алаяқтық жағдайларының саны 45-ке дейін қысқарып отыр. Спикер атап өткендей жыл басынан бері 120 қылмыстың 19-ы анықталды.

Related Posts

Жетісу облысы

«Сот кабинеті» – ҚР  Соттарының сервистеріне электронды түрде қол жеткізудің бірыңғай терезесі

Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында  Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы баяндады. Оған спикер болып департамент басшысы Болат Джукенов қатысты. «Сот әкімшілігінің
Қоғам

Талдықорғанда контрафактілік өнімдер анықталды

Әділет департаментінің қызметкерлері жыл басынан бері «Контрафактілікке жол жоқ!» республикалық акциясы аясында Талдықорған қаласындағы ірі сауда орындарына 6 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 100-ге жуық контрафактілік өнім сатылымнан алынып, сауда нүктелерінің иелері
Жетісу облысы

Жетісу облысында халықты иммундау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде

2024 жылдың 3-тоқсанынан бастап 11 жасар қыздарға адам папиломавирусына қарсы екпе жүргізіледі. Айта кетерлігі, облысқа АПВ-ға қарсы вакцинаның алғашқы түсімі қыркүйек айына жоспарланды. Иммундаудың маңыздылығы туралы Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз
Жетісу облысы

Жетісу облысы бойынша 463 дауыс беру учаскесі өз жұмысын тоқтатты

Облыс тұрғындары үшін 463 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін дауыс берді. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Даутов хабарлады. Жалпы облыс бойынша 442 429