Жаңалық

«Таза өлке»: Қонаевта студенттер 30 қап қоқыс шығарды

 

Елімізде «Таза өлке» акциясы жалғасуда. Науқан аясында бүгін Қонаевтағы колледждердің 200 студенті оқу ошақтарының аумағын қоқыстан тазартты.

Облыстық көпсалалы үздіксіз білім беру колледжінің білімгерлері эконауқанды қолдау туралы челленджді Алматы облысындағы басқа білім беру мекемелеріне жолдады. Олар сенбілік барысында 10 қап қоқыс шығарды.

Ал Қонаев көпсалалы колледжінің студенттері 20 қап қоқыс шығарғандарын айтты.

«Бүгін біз сыпыртқы, тырма, аша секілді керек-жарақтарымызды алып, барлығымыз сенбілікке шықтық. Тек колледж аумағын емес, нысанға жақын жатқан көшелерді де тазарттық. Тазалық өзімізден басталады. Сондықтан мен қатарлас жастарды, балаларды табиғатты аялап ұстауға, мәдениетті болуға шақырамын», — деді 3-курс білімгері Ерлік Ғаниұлы.

Жалпы Қонаев қаласының тұрғындары сенбіліктерге белсенді қатысып жатқанын айта кетейік. Ертең шағын және орта бизнес орындарының, өндіріс ошақтарының аумағы тазаланады.

Related Posts

Жаңалық

Жайлы мектеп: Алматы облысында 26 білім ошағы салынып жатыр

Мәжілісі депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 1500 орындық мектептің құрылысымен танысты. Оқушы орындарының тапшылығы
Жаңалық

Органикалық өнім және артықшылықтары

Бүгінде «эко», «био», «органикалық» сияқты көптеген атаулары бар саламатты өмір салтының өнімдері сұранысқа ие. Ең алдымен, органикалық өнімнің не екенін және оны өндіруге қандай талаптар қойылатынын талдайық. Қазақстан Республикасының аумағында
Жаңалық

Жатыр мойыны обыры жыл сайын жасаруда

  Жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді, деді Алматы өңірлік көпсалалы клиникасының гинеколог-онколог дәрігері Ақтолқын Мамадиярова баспасөз – мәслихатында. Маманның айтуынша, дерттің негізгі себебі, жыныстық жолмен
Жаңалық

Алматы облысында папиллома вирусына қарсы 30 мың вакцина алынады

  Жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді. Дерттің негізгі себебі, жыныстық жолмен берілетін-папиллома вирусы. Вирус симтомсыз дамиды. Ауру белгілері байқалса, бұл бірінші,немесе төртінші сатысынан хабар беретіні