Жаңалық

Алматы облысында сібір жарасына қарсы 400 ден аса адам екпе алды

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов облыстағы аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық маусамға дайындағы туралы баяндады.

Өңірдің бас санитарының айтуынша,
жұқпалы аурулардың ең қауіптісі ауылшаруашылық малдарынан жұғатын-Сібір жарасы. Ауру жара түрінде сыртқы жабындарды зақымдаумен, қызба, интоксикациямен, кейде сепсистің дамуымен сипатталады.
Облыста соңғы 10 жылдан астам сібір жарасы тіркелмеген, алайда біздің облыс сібір жарасын жұқтыру қаупі бар аумақта орналасқан. Себебі,өңірде 99 сібір жарасының топырақ ошақтары бар.
Осыған байланысты,спикер негізгі алдын алу шарасы халықты вакцинациялау болып табылатынын ерекше атап өтті. Өткен жылы профилактикалық мақсатта 448 ветеринарлық қызмет маманы, ет өңдеу кәсіпорындарының, сою пункттері мен алаңдарының қызметкерлері сібір жарасына қарсы екпе алды.
Бұдан бөлек, күн жылаған кезде кене энцефалиті, баррелиоз сынды инфекциялар таралады.
Алматы облысында 6 аудандағы елді мекендердің 20% — ға жуығы кене энцефалиті бойынша эндемикалық аумақтар қатарына жатады. Атап айтсақ, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Райымбек, Кеген, Ұйғыр аудандары.
“Кене шағуынан зардап шеккендердің барлығына кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу арқылы жедел көмек дер кезінде көрсетіледі», – деп қортындылады Марат Исмаилов.

Related Posts

Жаңалық

«Аңсаған сәби»: Биыл Алматы облысында 532 квота бөлінді

Денсаулық  сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл өңірдегі 532  отбасыға «Аңсаған сәби» бағдарламасы игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023 жылдары 19
Жаңалық

Қонаев қалалық соты жыл басынан 3800-ден астам істі қарады

  Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жыл басына 3800-ден астам іс түсті. Олардың басым бөлігі жол-көлік оқиғаларына қатысты . Бұл туралы сот төрағасы Әлинасыр Қадыров Өңірлік
Жаңалық

Балқашта балық аулағандар 549 мың теңге залал келтірген

Мұны Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.«Балықшылар табиғатқа келтірілген 548 мың теңгеден астам залалдың орнын толтыруы қажет. Рейдтік шаралар әлі де жалғасады», – делінген хабарламада. Source link
Жаңалық

«ALATAU INVEST» – экономикалық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Экономикалық ынтымақтастық аспектілерін талқылау үшін қазақстандық 200-ге жуық кәсіпкер мен шетелдік инвесторлар жиналды. Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «ALATAU INVEST» халықаралық бизнес форумын салтанатты жағдайда ашты. Оның айтуынша, бұл