Жаңалық

«Қонаев» ӘКК» АҚ: Әлеуметтік тауар бағасы қадағалауда

Алматы облысында 7 әлеуметтік нысан ашылады деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Қонаев» ӘКК» АҚ азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Дианна Мұқашеваның ақпаратынша, өңірде тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін Үкімет резервінен 958 миллион теңгеден аса қаражат бөлініп, 2 жарым тоннаға жуық 7 түрлі бакалея өнімі алынған.
Нәтижесінде, бөлінген қаржы толық игеріліп, өңір аумағында халық жиі тұтынатын әлеуметтік маңызы бар өнімдерден тапшылық байқалмайды. Мұндай тауарлар облыс бойынша 42 сауда нүктесінде сатылады.

«Бүгінгі күні әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатылатын 7 арнайы орын ашуды жоспарлап отырмыз. Жуырда Қонаев қаласында дәл сондай 2 дүкен өз жұмысын бастаған. Ондағы тауарлар бағасы жіті қадағалауда. Тұрақтандыру қоры нарықта аталған тауарлар бағасының өсуі кезінде бағаны төмен деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, «Қонаев» ӘКК» АҚөңір бойынша 40-тан аса сауда орнымен келісім жасаған. Бізбен жұмыс істеймін деген кәсіпкерлерге әрдайым ашықпыз», – деді Дианна Мұқашева.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 187,5 мың га жер цифрлық көшірмеге енгізілген

Ашықтық - мемлекет пен бұқара арасындағы байланыс құралы. Жергілікті атқарушы билікпен атқарылып жатқан жұмыстардан қараша хабардар болуы үшін таңдалған бірегей шешім. Бүгінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен ондағы бастамалардың тиімділігін ашық
Жаңалық

Балалар арасындағы өкпе қабынуы азайды

Былтыр Алматы облысының орталығында балалар арасында өкпе қабынуы жиі кездескен. Қонаевтық дәрігерлердің айтуынша, қаңтарда сырқаттанушылық деңгейі салыстырмалы түрде төмендеп келеді. Қазірде көпсалалы аурухананың балалар бөлімінде 20-дан аса бала ем қабылдап
Жаңалық

Алматы облысында Қапшағай жағалауы қоқыстан тазартылды

Оған «AMANAT» партиясының 50-ге жуық мүшелері мен жастар қанаты және еріктілер қатысты. Бұдан бөлек, партиялықтар тарихи-мәдени ескерткіштерінің аумағын тазарту және абаттандыруға жұмылды. Мәселен, Жамбыл ауданы Қарасу ауылында 70-ке жуық азамат
Жаңалық

Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

Елордада Жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл марапат елімізде биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Жеті аталым бойынша өткен конкурсқа 700-ден аса азамат қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде