Жаңалық

Көршіміз үйінде 30 ит ұстайды – тұрғындар шағымы

Жиырма жыл бойы көршімізбен алысып келеміз. Алматы облысы Боралдай кентінің тұрғындары көпқабатты үйдің 1 бөлмелі пәтерінде 30-ға жуық ит асырап отырған көршісіне шағымданды, деп хабарлайды alataunews.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

Көршілері Сергейдің адамға агрессивті жауап қатып, иттерін айтақтайтынын айтады. Иттері адамды қауып жатса да, тайраңдап жүрген азаматқа шара қолдануды талап етті.

«Иттің біреуі келіп тістеп алды. Иесіне айтсам, «қайсысы тістеп алды» деп күліп тұр. Маған иттің тістегені емес, иесінің сөзі батты. Тірсектен тістеді, ізі де бар», – деді зардап шегуші Құрманбай Жолтаев.

Жұқпалы ауру жұғады деп жұрт мал дәрігеріне де жүгінген. Алайда мамандар да қауқарсыз болып шыққан. Өйткені заң бойынша олар ит иесін жазаға тарта алмайды, тек вакцина мерзімін қарайды.

«Пәтерінің есігін ашпайды. Ішке кіргізбейді. Көпқабатты үйде бір қожайынға бір ит асырауға болады», – деді Боралдай ауылдық округінің мал дәрігері Ермұрат Ғабитұлы.

«Түрлі жағдай болды, біреуі қауып алды. Ол кісіге тиісті шара қолданған. Тұрғындар жазған арыз бойынша тиісті шара қолданамыз», – деді Боралдай ауылының учаскелік полиция инспекторы Асқар Әлімбек.

Боралдай ауылдық округінің әкімі мәселеден хабардар. Алайда түскен арызға сай тек айыппұл салумен шектелетінін айтты. Себебі заң тұрғысынан жазаны сот қолданады.

«Ломоносов көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінде ауыл азаматы көп ит асырап отырғанын білеміз. Бұл мәселе оңай емес, заңмен де қорғалатын тұсы бар. Тұрғындармен бірлесіп, сот арқылы шешуге тырысамыз», – деді Боралдай кентінің әкімі Данияр Қоңырбаев.

Мәселе шешімін таппады. Ал жергілікті билік тұрғындар хат жолдауы керек екенін айтты.

Related Posts

Жаңалық

МӘМС: Пациенттерді қолдау қызметі туралы не білесіз?

Бүгінде әрбір емхана жанында Пациенттерді қолдау қызметі бар. Олар қажет болған жағдайда МӘМС, сақтандырылушының мәртебесін қалпына келтіру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша кеңес бере алады. Пациенттер бетпе-бет келетін проблемалық
Жаңалық

Қауіпсіз ойыншықты қалай таңдау керек?

Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Яғни, ересектер мен балалар үшін сыйлықтар табысталар уақыт таяп келеді. Осы орайда, ойыншық сатып алмас бұрын оның қауіпсіздігіне аса мән берген жөн. Жалпы, балалар ойыншықтарының
Жаңалық

«Қонаев» ӘКК» АҚ: Әлеуметтік тауар бағасы қадағалауда

Алматы облысында 7 әлеуметтік нысан ашылады деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Қонаев» ӘКК» АҚ азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Дианна Мұқашеваның ақпаратынша, өңірде тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін Үкімет резервінен 958 миллион
Жаңалық

Алматы облысында өрт қауіпсіздігіне 522 нысанға тексеріс жүргізілді

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы мен ТЖД арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында кәсіпкерлердің заңды мүдделері мен құқықтары қорғалатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы