Жаңалық

Алматы облысында шомылу маусымындағы адам өлімі 4 есе төмендеген

1 маусымнан бастап өңірде шомылу маусымы басталғалы департамент базасында 36 құтқарушы даярланды. Бұл туралы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ералы Разакулов баспасөз мәслихатында баяндады.

Спикердің айтуынша, көбіне судағы оқыс жағдайлар тұрғындардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болады. Әсіресе, шомылуға тыйым салынған орындарда демалудан туындап отыр. Осыған байланысты, облыс әкімдігі шомылу орындарының санын 7-ден 104-ке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Су айдындарының санын көбейтумен қатар, төтеншеліктер оқыс оқиғалардың алдын алу үшін рейдтік іс-шараларды да жүргізуде.

Ералы Разакуловтың ақпарынша, күшейтілген профилактикалық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде өткен жылдың осы кезенімен салыстырғанда адам өлімі саны алдыңдағы жылмен салыстырғанда 4 есе төмендеген. Оның ішінде балалар өлімі мүлдем тіркелмеді.
Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында өңірде 30 жүзу құралы және 45 бірлік сүңгуір құрал-жабдықтары бар. Алдағы екі жылда Қонаевта құтқару станциясы мен 4 мобильді құтқару бекетін салу көзделген. Сондай-ақ, құтқару бөлімшесі үшін модульдік үй салуға 311 миллион теңге қаржы бөлінген.

«Жазатайым оқиғаны болдырмау үшін тек жабдықталған шомылу орындарына бару керек. Бір-бірінің үстіне мініп, қолдары мен аяқтарынан ұстап суда ойнауға тыйым салынады. Құтқарушылар жұмыс жасағанымен, әркім өз өміріне жауапты»,- деп қортындылады спикер.

Related Posts

Жаңалық

Қарасай ауданында Оңтүстік Кореяның «KT&G» компаниясы зауыт салып жатыр

Іле Алатауының баурайындағы әсем өлкеде қазір 336 мыңға жуық халық тұрады. Қарасай ауданы тарихи тамыры терең өңір. Алматы облысындағы ірі ауданның қазіргі дамуы қарқынды. Мысалы, аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі былтыр
Жаңалық

Парламент депутаттары Алматы облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті

Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті. Жиын барысында халық қалаулылары облыс аумағындағы сапарлары  шекаралық аудандардың инженерлік-инфрақұрылым, әлеуметтік, логистикалық, туризм, тағы басқа
Жаңалық

Жаңа аллея мен газ мәселесі: Байсеркеде тұрғындар әкіммен кездесті

  Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда. Бұл жолы аудан басшысы Байсерке ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде Әли ауылында жаңа аллея салу, газдандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелері көтерілді.