Жаңалық

Жетісу облысында ұлттық мереке — Республика күні атап өтіледі

Елімізде 25 қазан күні Ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне Жетісу облысында бірқатар іс-шара атқарылмақ. Аудан, қалаларда туған жерінің көркеюіне үлес қосқан тұлғаларға «Құрметті азамат» атағы мен басқа да марапаттар табысталады. Концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен БАҚ өкілдерімен кездесуде Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Башбаев айтып берді.

Спикердің айтуынша, Республика күні қарсаңында Талдықорған қаласында және Ақсу ауданында да көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек. Одан бөлек, облыс бойынша әлеуметтік нысандардың ашылуы көзделіп отыр. Бірнеше ауданда фельдшерлік-акушерлік пункттер, Мәдениет үйі, спорттық сауықтыру кешендері қолданысқа беріледі. Сондай-ақ, Қаратал ауданында тарихи өлкетану музейі ашылады деп жоспарлануда.

«Бұл ретте біз Жетісу халқының тынымсыз еңбегінің арқасында өткен -9 айдың қорытындысында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінде 5,8%, ауыл шаруашылығында 1,7% өсім байқалады. Тұрғын үй мәселесі бойынша жыл басынан бері 1100 пәтер берілген. Биыл бұл рекордтық көрсеткіштерге жетіп отыр», — деді Айдар Башбаев.

Жетісулықтар Республика күнін тойлауды 21 қазаннан бастап кетті. Мерекеде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі жоспарланып отыр. Шараның мақсаты – жастардың бойына патриоттық сезімді сіңіру. Ұлттық сананы жаңғырту.

Related Posts

Жаңалық

МӘМС аясында Талғар ауданының тұрғынына тіліксіз ота жасалды

66 жастағы науқас Талғар аудандық ауруханасына жүгінген кезде, екі апталық интоксикация, тахикардия болып, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілген. Бір апта бұрын жеке клиникаға барған, бірақ ол жерде тиісті ем қабылдамаған.
Жаңалық

Ескелді ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды

Ауданға жалпы 19,4 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді, 8230 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сумен жабдықтау және газдандыру жобасы аясында газға 12 ауыл қосылды. Қалған елді мекендерді газдандыру 2025
Жаңалық

Светлана Жақыпова Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапары аясында өңір активімен кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру барысы туралы айтып, әлеуметтік-еңбек
Жаңалық

Алматы облысында «Ауыл олимпиадасы» басталды

Алматы облысында ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларға арналған "Ауыл олимпиадасы" бастау алды. Екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан бұл білім бәйгесі ауыл мектептерінде оқитын балаларға үлкен мүмкіндіктер ұсынып, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған.