Жаңалық

Жайлы мектеп: Алматы облысында 26 білім ошағы салынып жатыр

Мәжілісі депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 1500 орындық мектептің құрылысымен танысты. Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу – партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі.

Мектеп құрылысының бюджеті 6,6 млрд теңгені құрады. Жаңа оқу ошағында сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған.  Мектепте оқу кабинеттерімен қатар, технологияларды өңдеу шеберханасы, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, зертханалық және компьютерлік сыныптар, медицина кабинеті болады. Мердігер мекеменің өкілі жыл соңына дейін құрылыс жұмысының аяқталатынын айтты.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде 26 жайлы мектептің құрылысы қарқынды жүруде. Бұдан басқа биыл тағы да 27 мектептің құрылысын бастау жоспарланған.  Ал Қаскелеңде салынып жатқан осы нысанның құрылыс жұмысы қазіргі уақытта 60 пайызға аяқталған. Мердігерлер мектепті уақытында бітіруге тиіс. Әрине, бірінші кезекте мектептің құрылысы жоғарғы деңгейде барлық талаптарға сай болғаны маңызды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын мектептердің жиһазы толықтай отандық өнім болуы қажет, – деді Максим Рожин.

Сапар барысында  депутат отандық өнімнің сапасын бақылау мақсатымен жиһаз жасаумен айналысатын «Алатау Прогресс КЗ» серіктестігінде болды. 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтыған «Altamir» өндіріс цехының жұмысшыларымен кездесті. Еңбек ұжымына заңнамадағы  жаңашылдықтар туралы айтып, партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

 

Жиһаз цехының құрылтайшысы Бауыржан Молдабаевтың айтуынша, бүгінгі таңда осы зауытта өндірілетін мектеп жиһаздары тапсырыс берушілер тарапынан жақсы баға алып, оған деген сұраныс арта түсуде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 2 миллиард теңгені құраған.

Заманауи жиһаз да барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы шарт. Соңғы кезде отандық өнім үлесінің артып келе жатқанын ерекше атап өтуге болады. Дегенмен, жеңіл өнеркәсіпте импорттың басым екенін ескерсек, отандық үлесті арттыру және дайын өнімді сату аумағын кеңейту жұмыстарын жалғастыру керек. Біз өз тарапымыздан көмектесуге дайынбыз, – деді Мәжіліс депутаты.

Қазіргі таңда Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар аудандарында 39 үш ауысымда жұмыс істейді. 26 мыңнан астам оқушыға орын жетіспейді. Осы мәселені шешу үшін «AMANAT» партиясының облыстық 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында «Жайлы мектеп» жобасымен 53 мектептің құрылысы жоспарланған.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында Төтенше жағдай қызметкерлері жатақханалардың өрт қауіпсіздігін тексерді

Сақтықта қорлық жоқ. Алматы облысында жатақханалар мен хостелдердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған «ЖАТАҚХАНА» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында облыстық ТЖД МӨББ бастығының орынбасары Александр Пархоменко
Жаңалық

Студенттерге МӘМС жүйесінің артықшылықтары түсіндірілді

Әрбір пациенттің шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін дәрігерді немесе
Жаңалық

Алматы облысында репродуктивті денсаулық апталығы басталды

  Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өңірде 24 - 28 маусым аралығында «Репродуктивті денсаулықты сақтау» апталығы өтіп жатыр. Бұл дегеніміз әрбір адамның жіті тексеруден өтіп, дәрігерден кеңес алуына берілген бірегей
Жаңалық

Қарасай ауданында өндіріс көлемі 360 млрд теңгеге жетті

  Қарасай ауданының экономикалық өсімі қарқынды түрде жалғасуда. Өндіріс көлемі 360 миллиард теңгеге жетіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 миллиард теңгеге артық. Бұл туралы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров