Жаңалық

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қызметкерлері кәсіби мерекені атап өтті

1 – қазан Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған «Ұстазын ұлықтаған — ел бақытты» атты мерекелік жиын өтті. Жиын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауымен басталды. Еліміз бойынша алғаш рет аталып отырған мерекемен университет ұжымын Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бөрібаев құттықтап, оқытушылар мен қызметкерлерге жылы лебізін білдірді.
«Жоғары білім саласы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін бағыт болғандықтан сала қызметкерлеріне арнайы мереке күнін белгілеу орынды шешім деп санаймын. Өркениетті елдің ертеңі кемел білім мен ғылымда болса, бұл жолдың бастаушысы —әрине оқытушы қауымы»-деді ректор.
Жиынға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев қатысып, бірқатар қызметкерлерді облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапаттады. Жетісу университетінің түлегі ретінде Марлен Қапашұлына ректор Ілияс Жансүгіров төс белісін тақты.
Кәсіби мерекеге орай көп жылғы еңбегі, білім беру және тәрбие жүйесін дамытуға қосқан үлесі, лауазымдық міндеттерін абыроймен атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында ірі кәсіпорын қызметкерлеріне МӘМС мүмкіндіктері түсіндірілді

Тұрғындар «сақтандырылған» мәртебесін алғаннан кейін МӘМС пакетіндегі қажетті медициналық көмектің барлық түріне жүгіне алады. Ол азаматтың салып жатқан жарнаңыздың мөлшеріне қарамайды. Ол тіптен бірнеше миллион тұратын ота жасатуға мүмкіндігі бар.
Жаңалық

Қарасай ауданында өндіріс көлемі 360 млрд теңгеге жетті

  Қарасай ауданының экономикалық өсімі қарқынды түрде жалғасуда. Өндіріс көлемі 360 миллиард теңгеге жетіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 миллиард теңгеге артық. Бұл туралы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров
Жаңалық

Қонаевтағы саяжайлардың орнына көпқабатты ғимараттар салынады

Қонаевта 9 саяжай алқабы бар. Онда 6 мыңға жуық тұрғын тұрады. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының халқымен жүздесу кезінде шаһардың Бас жоспары бекітілгенін атап өтіп, оның аясында қандай