Жаңалық

Парламент депутаттары Алматы облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті

Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті.

Жиын барысында халық қалаулылары облыс аумағындағы сапарлары  шекаралық аудандардың инженерлік-инфрақұрылым, әлеуметтік, логистикалық, туризм, тағы басқа да түйінді мәселелерді жүйелі шешу бағыт алатындығын жеткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшісі Жанарбек Әшімжановтың айтуынша, өңірлерге сапар  алдында Парламентте тиісті мемлекеттік орган басшыларымен ауқымды талқылау жиыны өткен.

«Туризмді талдау, автомобиль жолдары мен жол бойындағы сервистің жай-күйін қарастыру, сауда-көлік логистикалық орталықтар, қонақүйлер салу, облыстардағы жұмыс орындарының ұлғаюын ескере отырып, жергілікті халықты тарту мәселелері қаралды. Онымен қоса, шекара бекеттерін күшейту  жөнінде зерделеу жұмыстарын жүргізу талабы қойылды. Осы жолғы  өңірлерге басталған сапарымызда негізгі басымдықтарды осы бағытқа салатын боламыз», – дейді Жанарбек Әшімжанов. 

Басқосуда мәслихат депуттары да көкейкесті проблемаларды көтерді. Мәселен, Кеген аудандық мәслихат депутаты Алмасбек Нұғман өңірде туристердің саны жылдан жылға көбейгендіктен туристік полиция ведомствосын құру қажет екенін айтты.

«Кеген ауданы туристік бағытта дамып келе жатыр. Осы ретте туристер мен қала қонақтарын қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес беру және ақпараттандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы туристік полициялер қажет. Өйткені, елімізге саяхаттап келгендермен жұмыс жасауда полицейлердің саны жеткіліксіз. Сондықтан, арнайы ведомство құруды ұсынамын», – дейді депутат.

Парламент депутаттары жиында қатысушылардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, бірлесе талқылап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында «Жаңару күні» атап өтілді

⚡Бүгін «Жаңару күні» атап өтілуде ⚜️Ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін бұл күн – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастап, елдің жаңа саяси ерік-жігері мен
Жаңалық

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысында "Өнегелі ұрпақ" апталығы өтіп жатыр, ол экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, аға буын мен ардагерлерді қолдауға арналған. 1000-нан астам ардагерлер мен қарт
Жаңалық

Парентеральдық вирустық гепатиттер

Парентеральдық вирустық гепатиттер – В,С,Д,G гепатиттерінің вирустарымен шақырылатын жұқпалы ауру. Паренетеральдық гепатиттермен сырқаттанған кезде көбінесе бауыр тіндері зақымдалады. Жұқпа көзі болып табылатын адамның барлық биологиялық сұйықтықтарында вирус болады: қан, шәует,
Жаңалық

Алматы облысында 100-ден аса ойын терминалдары жойылды

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тұрғындарды құмар ойын бизнесімен күреске шақырады, деп хабарлайды Алматы облысы Өңірілік коммуникациялар қызметі. Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасында заңнамасына сәйкес ойын бизнесі объектілері Алматы облысының Қапшағай су қоймасының