Жаңалық

Парентеральдық вирустық гепатиттер

Парентеральдық вирустық гепатиттер – В,С,Д,G гепатиттерінің вирустарымен шақырылатын жұқпалы ауру. Паренетеральдық гепатиттермен сырқаттанған кезде көбінесе бауыр тіндері зақымдалады.

Жұқпа көзі болып табылатын адамның барлық биологиялық сұйықтықтарында вирус болады: қан, шәует, вагинальды сөл. Вирус аздаған мөлшерде сілекейде, зәрде, ана сүтінде, терде, өтте болады.

Парентеральдық вирустық гепатиттердің жұқпа көзі жіті, созылмалы гепатиттермен сырқаттанған адам немесе аурудың клиникалық белгілері білінбейтін вирус тасымалдаушы.

Медициналық қызметкерлер және кәсіби қызметі көбінесе қан және оның компоненттерімен, биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеуімен байланысты басқа қызметкерлер, сонымен қатар бірнеше рет медициналық манипуляциялар мен араласулар болған адамдарда жұқпамен зақымдалу қаупі жоғары.

Парентеральдық вирустық гепатиттер беріледі:

—        ағзалардың трансплантациясы және қан құю кезінде;

—        залалсыздандырылмаған  медициналық (катетрлер, инелер) және косметикалық (татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр) аспаптарды қолдану кезінде;

—        жаралар, кішкене жарақаттар, шырышты қабық арқылы организмге қанның тікелей түсуі кезінде;

—        тіс щеткаларын, қырыну заттарын, жөке, орамалдарын бірге қолдану кезінде;

—        қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде;

—        жүктілік және босану, ана сүтімен қоректену кезеңінде ауру анадан  балаға жұғуы;

«Гепатиттердің барлық түрлерінде аурудың негізгі белгілері: тамаққа тәбетінің болмауы, сарғыштану, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, қалтырау, іштің ауруы, нәжістің түссізденуі, зәрдің күңгірттенуі (сыраның түсіндей). Гепатитпен сырқаттану кезінде сарғаю белгісінің болуы міндетті емес. Гепатит көбінесе әлсіздікпен немесе ешқандай белгісіз өтеді. Гепатиттерді диагностикалау үшін қазіргі уақытта зертханалық ИФТ және ПТР тәсілдерімен анықтау маңызды болып табылады. Қазіргі таңда вирустық «В» гепатиттерінің арнайы алдын – алу үшін вакцинация жүргізіледі. Профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес вирустық «В» гепатитіне қарсы жоспарлы иммундау жұқпаның алдын алу мақсатында алғашқы жаңа туылған нәрестелер бірінші екпесін перзентханада, әрі қарай өмірінің 2 – 4 айында алады. Сонымен қатар, жұқпаның тұрмыстық және жыныстық қатынас арқылы берілуінің алдын алу үшін науқаспен қарым-қатынаста болғандарға жүргізіледі. Медициналық қызметкерлер мен медициналық бейіндегі оқу орындарының студенттері де егіледі», — деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Парентеральдық вирустық гепатиттердің алдын алуында сақтық шараларының сақталуы мен қарапайым гигиена маңызды:

—        жеке бас гигиена заттарын өзге адамның қолдануына рұқсат бермеу және өзге адамдікін қолданбау;

—        тұрмыста тазалық ережелерін қатаң сақтау (жеке қолданатын заттарының болуы, тазалау жұмыстарына қолғап, арнайы киімнің болуы);

—        залалсыздандыру және зарарсыздандыру ережелерін талап ететін, тері және шырышты қабығының зақымдануымен байланысты манипуляцияларды үй жағдайында жасауға тыйым салу;

—        қанмен байланысты болдырмас үшін өткір заттармен жұмыс жасаған кезде стандартты сақтану шараларын міндетті түрде сақтау;

—        бір ғана сенімді адаммен жыныстық қатынаста болу, жыныстық қатынаста мүшеқапты қолдану;

—        «В» және «С» гепатиттерімен қарым-қатынаста болғандарға жұқпаны уақытында анықтау үшін зертханалық тексеруден өтуі қажет.

Related Posts

Жаңалық

Былтыр елімізде ана мен баланы қорғауға МӘМС-тен қанша қаражат жұмсалды?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландыру бойынша 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Осыған бірнеше есеп арналады. Алғашқысы ана мен баланы қорғау саласындағы медициналық қызметтерге қатысты. Қор сарапшыларының есебінше, былтыр МӘМС
Жаңалық

Екі жұп егізді Қонаев қаласының ерлі-зайыптылары Руслан және Алида тәрбиелеп отыр

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында Халықаралық балалар күніне орай, уақытынан дүниеге ерте келген сәбилерді салтанатты түрде құттықтады. Солардың қатарында Айша мен Әнел есімді егіздер бар. Апалы - сіңлілердің Әмина және Алина
Жаңалық

Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

Қонаевта миға күрделі ота жасалды. 36 жастағы тұрғын абайсызда құлап, басынан қатты соққы алған. Шұғыл түрде қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқасты тексеру барысында бас сүйегінің сынуы мен эпидуральды және
Жаңалық

«Мектепке жол»: Алматы облысында 14 мыңнан астам балаға материалдық көмек берілді

  Әлеуметті аз қамтылған отбасы балалары үшін мемлекеттік қолдау қашанда жоғары, әрі жүйелі. Жылда әр оқу жылының басында «мектепке жол» республикалық науқны бастау алады. Аймақтың атқа мінерлері мен атымтай жомарт