Жетісу облысыМедицина

Жетісу облысында жыл сайын қан айналымы жүйесі ауруларының 25 мыңға жуық жағдайы тіркеледі

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында осы аурулардан болатын өлім-жітімнің өсуі байқалды. Жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді.

Жүрек жеткіліксіздігінің өсуін азайту үшін дәрігерлер басқа елдердің мамандарымен тәжірибе алмасады. Жыл басынан облыстық кардиологиялық орталықта екі шеберлік сабағы өткізілді. Орталыққа Германия мен Польшаның кардио мамандары келді.

«Бұдан басқа, облыста медициналық туризм дамуда, бүгінгі таңда республиканың басқа облыстарынан ғана емес, әлемнің басқа елдері мен қалаларынан да пациенттер келуде. Сонымен қатар облыс тұрғындарына консультациялық-диагностикалық бөлімшеде 20 мыңнан астам науқасқа консультациялық-диагностикалық қызметтері көрсетілді, олардың 65%-ы ауыл тұрғындары.Қызметтер арасында кардиолог, кардиохирург, аритмологтың кеңестері бар. Сондай-ақ, қан айналымы жүйесінің аурулары өлім-жітімі жоғары аудандарға мамандар тобын жіберу ұйымдастырылды. Алғашқы медициналық жедел жәрдем дәрігерлерін жүрек-қан тамыры ауруларын ерте диагностикалау бойынша жұмысты күшейту мақсатында оқыту жүргізілуде», — деді облыстық кардиологиялық орталықтың директоры Нұрсан Сурашев.

Бүгінде облыстық кардиологиялық орталығында 2000-3000 мыңға жуық  ота жасалады. Қазіргі уақытта жастар арасында жүрек аурулары жиілеп келеді, инфарктың жасарып келе жатқан белгілері бар. Мәселен, қан-тамыр ауруларының скринингы 40 жастан 70 жас аралығындағы адамдарға жасалады. Бірақ бүгінгі күні 30 жастағы жастар ауруханаға түсіп, қызметке жүгінуде.

 

 

 

 

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысының тұрғындары 230 миллион теңге салым саламын деп сан соғып қалды

Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүріп оңай ақша табатын алаяқтардың аңғал азаматтарды қалай құрыққа түсіретінін баяндады. Атап айтсақ, департамент тек контрафактілік өнім
Жетісу облысы

Ардагерлермен кездесті

Ел тарихында азаттығымызды айшықтай түсетін ең қастерлі мереке 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне  орай Үшарал қаласында орналасқан Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сондай-ақ, аудандық З. Қойшыбаева
Жетісу облысы

Жетісу облысында шомылу маусымына дайындық пысықталды

1 маусымнан бастап елімізде шомылу маусымы басталады. Осы тұста Жетісу облысының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жетісу облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері
Жетісу облысы

ҰЛЫҚТЫ ҰРПАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ТАҢДАУ ЖАСАДЫМ

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев биылғы Жолдауында «Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше, өз жерімізде атом стансасын салуға әбден қақымыз бар» деп атап өтті. Бұған дейін Мемлекет басшысы халыққа