Жаңалық

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Алматы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының өкілі Ержан Бейбітұлының айтуынша, облыс бойынша 43 қазандықтың жөндеу жұмыстары аяқталып, олардың қуаттылығы мен тиімділігі артты. Тағы 5 қазандықтың жұмысы қазан айында аяқталады деп жоспарланған.

«Іле ауданының Боралдай және Байкент ауылдарындағы қазандықтарды жаңғыртуға қосымша 800 млн теңге бөлініп, жұмыстардың 50%-ы аяқталды. Сонымен қатар, Тұрғындарға қажетті 714 мың тонна көмір жеткізу үшін келісімшарттар жасалды. Қазіргі уақытта өңірге 93 мың тонна көмір жеткізіліп, орташа бағасы тоннасына 18 500-23 000 теңгені құрайды. Көмір сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық операторлар қатаң қадағаланады», – деді Ержан Бейбітұлы.

Сондай-ақ өңірде электрмен жабдықтау желілерін жаңарту да белсенді түрде жүзеге асырылуда. 1 185 км электр желісін жөндеу жоспарланып, оның 45%-ы аяқталған. Бұл шаралар желілердің тозуын 5%-ға төмендетуге және тұрғындарды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Ал облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Мирас Нұрбайұлының сөзінше, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында әлеуметтік осал топтардың үйлеріне көміртегі тотығын анықтайтын 787 датчик орнату жұмыстары жүргізілуде.

«Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және жылыту маусымының кедергісіз өтуіне бағытталған. Датчиктер әлеуметтік осал топтардың үйлеріне тегін орнатылады. Онымен қоса тұрғындарға өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді төтеншелік маман.

Айта кету керек, өңірде қазандықтардың тиімділігін арттыру мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұл шаралар қысқы маусымның кедергісіз өтуіне септігін тигізбек.

Related Posts

Жаңалық

Избран председатель Алматинского областного маслихата

Единогласным голосованием 32 депутатов маслихата Алматинской области Куат Султанулы Байгоджаев избран председателем областного маслихата. Куат Султанулы отличается активной позицией и вносит огромный вклад в развитие региона и реализацию стратегических целей.
Жаңалық

«Аймақтану» білім беру бағдарламасы қандай мамандықтарды дайындайды?

Халықаралық кеңістікті аймақтарға бөлу халықаралық қатынастарда жаңалық емес. Халықаралық қатынастар тарихында аймақтар империялар түрінде, ірі держава мен оның одақтастарының альянсы түрінде болған. Қазіргі кезде аймақтар халықаралық жүйенің дербес қызметі бар
Жаңалық

Дәрігерлер пышақ жарақатынан 1,5 литр қан жоғалтқан жасты құтқарды

Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ЖМК бригадасы белгісіз біреулердің қолынан пышақ жарақатын алған жас ер адамды жеткізді. Ол шұғыл түрде хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа іш қуысының жарақаты және сол