Жетісу облысыМедицина

Емханаға тіркеу науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар.  Науқан 1-ші қарашаға дейін жалғаспақ.

Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек, өзі қалаған мемлекеттік және жекеменшік емханаларға да тіркеле алады. Тіркелу екі әдіспен жүзеге асады: Бірінші, азаматтар жеке электрондық цифрлық қолтаңбасымен Egov электронды веб-порталы арқылы тіркеле алады. Ал екінші әдіс бойынша кез-келген азамат өзі таңдаған емханаға барып тіркеледі. Бұл ретте, облыстағы барлық мед-ұйым азаматтарды қабылдауға әзір.

Атап айтсақ,  облыста  жалпы  саны 354 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның 307-сі – мемлекеттік, 47-сі  жеке. Талдықорған қаласы бойынша халыққа алғашқы медициналық-санитарлық  көмекті  облыс  аудандарында  2 мемлекеттік және 2 жеке емхана көрсетеді.

Айта кетейік, науқан кезінде барлығына бірдей емхана ауыстыру міндетті емес. Азаматтар өз клиникасының қызметіне көңілі толса ары қарай пайдалана беруге болады.

Related Posts

Жетісу облысы

«QOLDAU»: жазасын өтегендер жандар үшін жаңа мүмкіндік

Жетісу облысында «QOLDAU» әлеуметтік жобасы бастау алды. Бұл жоба бас бостандығынан айырылған азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған. Жоба жоспарлары мен жасалатын жұмыстары туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде Талдықорған қалалық
Қоғам

Жетісу облысында Балалар үйі білімгерлері «Өзіңе сен» атты әлеуметтік жобаға қатысты

Жетісу облысында 2023 жылғы шілде мен қараша аралығында "Айналайын" балалар үйінің түлектерін әлеуметтендіру және қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру" атты жоба іске асырылды. Басты мақсат - орталық қызметін ұйымдастыру, балалар үйінің
Жетісу облысы

ЖАҢА БОСАНҒАН АНА ДАУЫС БЕРДІ

Референдум күні жаңа босанған ана Мөлдір Амангелдіқызы жылжымалы  жәшік арқылы өз таңдауын жасап, дауыс берді. Үшарал қаласының әкімі М. Сайдильдинов Мөлдір Амангелдіқызын құттықтап, гүл шоқтары мен арнайы сый-сияпат тарту етті.
Жетісу облысы

ҚР Денсаулық сақтау Кодексіне өзгерістер енгізілді

Соңғы жылдары Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалауға қатысты бірқатар шешім қабылданды. Мемлекет Басшысы ҚР Денсаулық сақтау Кодексіндегі өзгерістерге 8 маусымда қол қойды. Бұл туралы Жетісу облысының