Жетісу облысыҚоғам

Талдықорғанда қала күні ауқымды түрде атап өтіледі

Биыл қала күнін тойлау Талдықорған қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Әр жыл сайын бұл мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекелік іс-шаралар айдың басынан, соңына дейін созылады. Қала тұрғындары  мен  қонақтарын  спорттық ойындар, концерттер,  қойылым, эстафеталар және басқа да көптеген маңызды оқиғалардың куәсі бола алады.

Қонақтарды қала күнін мерекелеудің ауқымды бағдарламасы күтіп тұр.

13 қыркүйек, сағат 11:00 де Жастарға қызмет көрсету орталығында «Әйел әлемі сұлулық мекені»атты ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған іс-шара өтеді.

14 қыркүйек, сағат 19:00 де «Жастар» саябағында  «Miss Taldyqorgan 2024» байқауының финалы.

14-15 қыркүйек, сағат 10:00 де «Жастар» спорт кешенінде «Taldyqorgan cup» қала  әкімінің кубогі үшін ашық турнир.

20 қыркүйек, сағат 19:00 «Жастар» саябағында, «Әлемді тербеткен әуендер» атты Д.Ракишев атындағы облыстық филармония симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

21 қыркүйек, сағат 19:00 де  қаланың орталық көшелерінде «Кешкі Веложарыс» өтеді.

21 қыркүйек, сағат 19:30 да Орталық алаңда «Хиты 80-х» рэтро концерті өтеді.

27 қыркүйек, сағат 19:00 «Жастар»  саябағында «Жетісу –жерұйық мекенім» атты Қазақстан эстрада және Жетісу өңірі жұлдыздарының мерекеік концерті өтеді.

28 қыркүйек, сағат 12:00-17:00 де «Жастар» саябағының бас сахнасында Оқушылар сарайы өнерпаздарының қойылымдары, Балалар ойын-сауық байқаулары, «Жалпы театрдың» балаларға арналған қойылымы, «Умберто» музыкалық ұжымының қойылымы өтеді. Сондай-ақ,  Ұлттых сахнада Н.Тілендиев және Өнер мектептері тәрбиленушілерінің қойылымдары сахналанды. Қолөнер шеберлерімен қолөнер өнімдерінің жәрмеңкесі. Әуе шарымен көкке көтерілу.

Кешке «Жастар» саябағында «Қалаға сыйлық» — вальс 80 жұп, жарық шоу, Иллюзионистің орындауы, от шоуы, Қазақ эстрадасының жұлдыздары  Kalifarniya,  Say Mo,  Umberto келіп өнер көрсетеді.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу өңірінде ветеринария саласында заманауи технологиялар енгізілуде

Жетісу облысында 1010 ветеринар маман еңбек етуде, олардың 10-ы ветеринарлық станцияларда, ал 118-і ветеринарлық пункттерде қызмет атқарады. Бұл туралы Жетісу облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің
Жетісу облысы

TEMIRADAM атанған Бақытжан Бектенов өз таңдауын жасады

Бақытжан Байтайұлының Бектенов Қазақстанның TEMIRADAM атағының иегері Қарабұлақ ауылындағы №119 дауыс беру учаскесіне келіп өз тандауын жасады. «Бүгін мемлекетіміз үлкен қадам жасар алдында тұр. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзімінің
Қоғам

Алматы облысында кәсіпкерлікті дамыту үшін 375 азаматқа 1,9 млрд теңге шағын несие бөлінді

Алматы облысына кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде шағын несиелер беруге 375 үміткер үшін 2,5% - бен 1,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл шағын несиелер 5 жылдан аспайтын мерзіммен
Жетісу облысы

Жетісу облысы бойынша 463  дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады

Бүгін елімізде АЭС салу бойынша жалпыреспубликалық референдум басталды. Қазақстан заңнамасына сәйкес референдум – Конституциялардың, заңдардың және қоғам өмірінің басқа да маңызды мәселелері бойынша шешімдердің жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Ол