Медицина

Сақ болыңыз, көкжөтел!

Көкжөтел – ауа-тамшылы жұғу жолымен немесе қатынас арқылы берілетін инфекциялық ауру. Көкжөтел спазмды жөтел ұстамаларымен байқалады және жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуымен қоса жүреді. Жұқтыру сәтінен бастап алғашқы клиникалық белгілерге дейін 2 күннен 14 күнге дейін өтеді.

Көкжөтел ерте жастағы балалар үшін өкпе қабынуы, ми зақымдануы немесе басқа да асқынуларымен қауіпті. Науқас алғашқы белгілер пайда болған сәттен бастап 25-30 күн бойы басқа адамдарды жұқтыруы мүмкін.

Көкжөтелдің белгілері:

  • Дем алу кезінде ысқырықты дыбыс;
  • Кеудедегі жағымсыз сезімдер;
  • Тамақтың тітіркенуі;
  • Жөтел кезінде ауа жетіспеушілігін сезіну;
  • Түнгі уақытта жөтелдің күшеюі;
  • Әлсіздік және шаршау;
  • Алаңдаушылық;
  • Тәбеттің нашарлауы;
  • Тыныс алудың қысқа мерзімді тежелуі (кішкентай балаларда).

Көкжөтелді емдеу:

  • Балалардағы көкжөтелді емдеу әдетте үй жағдайында жүргізіледі.
  • Аурудың ауыр ағымы кезінде және пациент екі жасқа толмаған жағдайда ғана инфекциялық стационарға жатқызу қажет.
  • Бала айналасындағылар үшін қауіпті кезеңде үйде оқшаулануы қажет.
  • Науқастын бөлмесі жиі желдетілуі керек. Ылғалдандырғыш қондырғыларды орнату жөтелдің жиілігін төмендетеді.
  • Дәрігердің нұсқауы бойынша витаминді-минералды кешендерді қабылдау керек.

«Жалпы, көкжөтел тоқтатылатын ауру, Ұлттық иммундау күнтізбесіне сәйкес вакцинациялау арқылы инфекция мен асқынулардан оңай құтылуға болады. Вакцинация жоспар бойынша 2, 3, 4 айда ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі, қолданылатын вакцина – құрамдастырылған, АбКДС (дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге (жасушалы), В гепатитіне, полиомиелитке (инактивтендірілген) қарсы вакцина және гемофилді жұқпаның b типі. Сондай-ақ 1,5 және 6 жаста қайта егу жүргізіледі. Вакцинация көкжөтел инфекциясының алдын алады немесе жеңіл өтуі мүмкін.»,- дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.

Есіңізде болсын! Көкжөтелдің алғашқы белгілері пайда болғанда дереу емханаға жүгініңіз, дәрігер шақыртыңыз, өз бетінше емделмеңіз.

Related Posts

Жетісу облысы

Күзде адам папилломавирусына қарсы вакцинация басталады

2024 жылы адам папилломавирусына қарсы вакцина Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілді. Бұл аурудан қорғаудың тиімді әдісі. Екпені Жетісу облысындағы 11-14 жасар 6000-ға жуық қыз балаға егу жоспарлануда. Шара осы жылдың күзінде
Медицина

Алматы облысында 156 мың адам тұмауға қарсы вакцина алды

Бүгінгі таңда тұмауға қарсы вакцинациямен 156 мыңға жуық адам, яғни, егілуге жататындардың 92% қамтылды. Атап айтсақ, медициналық қызметкерлердің 91%-ы, 2-3 триместрдегі жүкті әйелдердің 90%-ы, жабық мекемелердегі балалардың 69% -ы, диспансерлік
Қоғам

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы – 2023» жастар сыйлығы

Жетісу өңірінде ең креативті, бастамашыл және дарынды жастар таңдалмақ. Облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы-2023» сыйлығына іріктеу және ұсыну бойынша өтініштер қабылдау мерзімі  қараша айының 20-сынан басталды. Қатысу шарттары мен ережелерін
Жетісу облысы

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы басталды

Елімізде сәуір айының 21-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Шара «Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау» ұранымен ұйымдастырылады. Апталықтың мақсаты – вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің