Жаңалық

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

 

Жыл басынан бері Алматы облысында 505 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары көрсеткіш.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжехан мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алған. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда қаза тапқандар саны 23%-ға азайған. Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алған. Биыл 305 оқиға тіркеліп, 11 адам қаза тапқан. Өрттердің негізгі себептері: электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау, тұрмыстық техникаларды қолданудағы қателіктер және пештерді орнату мен пайдалану кезіндегі бұзушылықтар.

Департамент өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауқымды алдын алу шараларын жүргізуде. Әсіресе, әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылып, 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында 3743 үйге тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 459 үйде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны анықталып, оның 409-ы сол жерде жойылды.

Жылыту маусымында 855 үйге 664 көміртегі тотығын анықтайтын датчик пен 191 түтін детекторы орнату жоспарланған.

«Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алдын алу шараларын күшейтіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастырудамыз,» – деді Самат Кенжехан.

Жылыту маусымы кезінде тұрғындар пештер мен түтін мұржаларын үнемі тазалап, техникалық жағдайын тексеріп отыруы тиіс деп қорытындылады спикер.

Related Posts

Жаңалық

ӘМСҚ медициналық ұйымдарға 358 млрд теңгеден астам сомаға аванстық төлем жасады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2024 жылға арналған медициналық қызметтерді орналастыру рәсімін аяқтады. Оның қорытындысы бойынша өнім жеткізушілер арасында 2,4 трлн теңге көлемінде қаражат бөлінді. 2024 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша
Жаңалық

МӘМС есебінен жүрек талмасы бар науқасқа ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиохирургия бөлімі Алматы облысындағы жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің жетекші орталығы. Ауруханаға шалғай аудандардан және өз еркімен келетін науқастар көп. Солардың қатарында -  Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны да
Жаңалық

Алматы облысының ауылдық округ әкімдеріне оқыту семинары өткізілді

Ағымдағы жылдың 28 мамырында Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ұйғыр ауданына қарасты 14 ауылдық округ әкімдері оқыту семинарына қатысты.Семинарға Әділет департаменті, Дін істер басқармасы, Ішкі саясат басқармасы,Талдау және Болжау
Жаңалық

Алматы облысында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы жүзеге асырылуда

Облыс прокуратурасы мен Полиция департаменті,әкімдікпен және басқа мүдделі органдарымен бірлесіп арнайы топ құрылды. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі ақпараттық алаңында Алматы облысы прокурорының көмекшісі Бауыржан Бимолданов баяндады. Спикердің айтуынша ,