Жаңалық

Алматы облысында жақ-бет хирургтері МӘМС есебінен бет остеосинтезі отасын жүргізді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне 1980 жылы туған ер адам маңдай облысының ауыруы, бас айналуы және қатты бас ауруы туралы шағымдармен жүгінді.

Науқастың айтуы бойынша, ол құлап, басын доғал затқа ұрып алғанын айтты. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері ер адамды тексеріп, керекті тексерулерді жүргізді.

«КТ түсірілімінде біз сол жақта маңдай синусының алдыңғы және артқы қабырғасының сынуын белгіледік. Орбитаның медиальды қабырғасының сынуы. Сол жақтағы шек-орбиталық кешеннің сынуы, бет сүйектері мен бас сүйектерінің сынуын байқадық. Сондай — ақ, сол жақтағы маңдай сүйегіне қараған кезде ісіну және параорбитальды гематома байқалады», — дейді ЖБХ бөлімшесінің меңгерушісі Марат Ысқақов.

Дәрігерлер шұғыл консилиум өткізіп, «кіші титан пластиналары мен бұрандыларды қолдану арқылы бет қаңқасының сүйектерінің жалпы остеосинтезі» отасын жасау туралы шешім қабылдады.

«Мұндай жарақаттар үшін сүйек сынықтарын дәл сәйкестендіру және бекіту маңызды. Бұл сүйектерді дұрыс және жылдам біріктіру үшін қажет. Сондықтан біз бет остеосинтезі секілді күрделі отаны жасауды шештік. Бұл ауыр жарақаттар мен деформациялар кезінде сүйек сынықтарын сәйкестендіру және бекітуге арналған хирургиялық операция. Отада негізі металл конструкциялар жиі қолданылады, біз пластиналар мен бұрандаларды қолдандық, себебі отадан кейін сүйектер тез өсіп, анатомиялық тұрғыдан дұрыс пішінді сақтайды», — деп қосты Марат Ысқақов.

Айта кетейік, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында сүйек сынуының остеосинтезін үлкен жұмыс тәжірибесі бар сараптамалық деңгейдегі мамандар орындайды. Олар сыртқы және ішкі металл-остеосинтездің, сүйектерді автотрансплантациялаудың заманауи әдістерін қолданады. Емдеу әдісі әр науқас үшін жеке таңдалады.

«Науқастың маңдай аймағында тігілген жара болғандықтан, оған қол жеткізіліп, дренаждық түтік қойылды. Барлық ем міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде жүргізілді. Науқас 7-ші тәулікке еш шағымсыз, қанағаттанарлық жағдайда шығарылды», — деді ЖБХ бөлімшесінің меңгерушісі Марат Ысқақов.

 

 

Related Posts

Жаңалық

Бак эндокардит: 6 ай бойы өздігінен емделген науқастың жүрегінде ақау анықталған

Жамбыл ауданының дәрігерлері 6 ай бойы емін таппаған науқастың жүрек ақауы бар деген күдігі расталып, ауруын дәл анықтаған. 31 жастағы аудан тұрғыны ауруы асқынған шағында жергілікті Жамбыл аудандық ауруханасына жүгінген.
Жаңалық

«Мектепке жол»: Алматы облысында 14 мыңнан астам балаға материалдық көмек берілді

  Әлеуметті аз қамтылған отбасы балалары үшін мемлекеттік қолдау қашанда жоғары, әрі жүйелі. Жылда әр оқу жылының басында «мектепке жол» республикалық науқны бастау алады. Аймақтың атқа мінерлері мен атымтай жомарт
Жаңалық

Жайлы мектеп: Алматы облысында 26 білім ошағы салынып жатыр

Мәжілісі депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 1500 орындық мектептің құрылысымен танысты. Оқушы орындарының тапшылығы
Жаңалық

Қазақстандағы үздік пошташылардың бірі Алматы облысында тұрады

Бүгін – Дүниежүзілік пошта күні. Биыл «Қазпошта» мекемесінің құрылғанына 30 жыл толды. Ел мен елді, қала мен ауылды байланыстыратын пошта қызметінің сапалы болуы аса маңызды. Бұл салада өз міндетін мінсіз