Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысы бойынша 463  дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады

Бүгін елімізде АЭС салу бойынша жалпыреспубликалық референдум басталды.

Қазақстан заңнамасына сәйкес референдум – Конституциялардың, заңдардың және қоғам өмірінің басқа да маңызды мәселелері бойынша шешімдердің жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Ол «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңмен реттеледі және оны арнайы құрылған комиссия ұйымдастырады.

Дауыс беру кезінде 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары дауыс беруге құқылы. Дауыс беру бюллетендері қазақ және орыс тілдерінде басылады. Референдумда азаматтар «Сіз Қазақстанда атом электр стансасының салынуымен келісесіз бе?» деген сұраққа жауап беруі керек. Жауаптың екі нұсқасы бар: «Иә, келісемін» және «Жоқ, келіспеймін».

Облыс тұрғындары үшін 463 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Жалпы облыс бойынша 442 429 дауыс беруші тіркелген.

Референдумға келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз!

Related Posts

Жетісу облысы

TEMIRADAM атанған Бақытжан Бектенов өз таңдауын жасады

Бақытжан Байтайұлының Бектенов Қазақстанның TEMIRADAM атағының иегері Қарабұлақ ауылындағы №119 дауыс беру учаскесіне келіп өз тандауын жасады. «Бүгін мемлекетіміз үлкен қадам жасар алдында тұр. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзімінің
Жетісу облысы

Жетісу облысында өрттің алдын алу үшін іс-шаралар қабылдануда

2024 жылдың өрт қауіпті кезеңінде облыста орман өртінің 1 жағдайы және дала өртінің 14 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының
Жетісу облысы

Жетісуда Наурыз мейрамы ерекше аталып өтеді

Биыл Наурыз мейрамын тойлау ерекше форматта өтеді. 14-23 наурыз аралығында еліміздің және облыстың барлық өңірлерінде Наурызнама өткізілмек. Бағдарлама әр күнге жоспарланған. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде Жетісу облысы әкімінің
Жетісу облысы

Жетісу облысында жастарды өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жоспарлануда

1 наурыздан бастап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың  және Астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады. Жобаның негізгі  мақсаты – жас басқарушы тұлғаларды қалыптастыру және өңірлерді дамытуға таланттарды тарту. Осындай ақпаратпен