Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысы бойынша 463  дауыс беру учаскесі өз жұмысын бастады

Бүгін елімізде АЭС салу бойынша жалпыреспубликалық референдум басталды.

Қазақстан заңнамасына сәйкес референдум – Конституциялардың, заңдардың және қоғам өмірінің басқа да маңызды мәселелері бойынша шешімдердің жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Ол «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңмен реттеледі және оны арнайы құрылған комиссия ұйымдастырады.

Дауыс беру кезінде 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары дауыс беруге құқылы. Дауыс беру бюллетендері қазақ және орыс тілдерінде басылады. Референдумда азаматтар «Сіз Қазақстанда атом электр стансасының салынуымен келісесіз бе?» деген сұраққа жауап беруі керек. Жауаптың екі нұсқасы бар: «Иә, келісемін» және «Жоқ, келіспеймін».

Облыс тұрғындары үшін 463 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Жалпы облыс бойынша 442 429 дауыс беруші тіркелген.

Референдумға келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз!

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысының аумағында 185 адам қар құрсауынан құтқарылды

Облыста республикалық автожолдарда – 2,  облыстық тасжолдарда – 10 қар басу аймағы бар. Жыл сайын ауа райының қолайсыздығына байланысты қыс мезгілінде 100-ден астам жүк және жеңіл автокөлік қар құрсауында қалады.
Жетісу облысы

NIS түлегі Гарвард университетіне жұмысқа шақырту алды

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Назгүл Сәкенова Гарвард университетінде докторлық диссертациясын таныстырды. Назгүл жас ғалым. Германиядағы Гейдельберг университетінде докторантурада оқуын аяқтауда. Қазіргі таңда медицина саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі
Жетісу облысы

23 Маусым – Қазақстан Полициясының күні

Кез келген дамыған мемлекеттің саяси құрылымында Ішкі істер органдары маңызды орынға ие. Себебі  Ішкі істер құрылымдарының қызметі қоғам өмірімен етене байланыста. Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтап, тыныштықты күзету жолында полиция қызметкерлерінің
Жетісу облысы

Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығы. Жағдай қалай?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығына байланысты баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Тура бір жыл бұрын наурыз айынан бастап, бүгінге дейін облыста 3 800-ден астам өтініш келіп түскен. Алайда