Жетісу облысыҚоғам

Саяси науқанды тәуелсіз бақылаушылары назарда ұстауда

Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан №389 референдум учаскесіндегі саяси науқанды «Бақылау қырандары» тәуелсіз бақылаушылары жіті назарда ұстауда.

Аталмыш ұйым өкілі Дәулет Сағынай учаскеде ешқандай заң бұзушылық орын алмағанын алға тартуда.

Таңғы сағат 7-де учаске ашылды. Халық 9-дан өте ағылып келе бастады. Байқауымызша, ешқандай үгіт-насихат жүріп жатқан жоқ. Тұрғындар өз еркімен келіп, саналы тұрғыда дауыс беруде. Еліміз үшін маңызды шешім шығатын жалпыхалықтық референдум саяси үдерісімізді айқындатса керек, — деді тәуелсіз бақылаушы.

Референдум учаскесінің төрағасы Әділжан Ғұмаров әрбір тұрғынның таңдау жасауына жағдай жасалғанын айтуда. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап дауыс беру орны жасақталған.

Related Posts

Қоғам

Шомылу маусымы

Көптен күткен шомылу маусымы басталып та кетті. Тұрғындар жаз мезгілінде жанұясымен «Алакөл», «Балқаш» көлдеріне немесе басқа да демалыс орындарына барып демалғанды жөн көреді. Бүгінгі күні Жетісу облысының санитарлық – эпидемиологиялық
Қоғам

Алматы облысында «AMANAT» партиясының жанынан әйелдер қанаты құрылды

Қазір әйел азаматтар барлық салада қызмет атқарады. Десе де, нәзік жандылардың шешілмеген түйіндері көп. Партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаевтың айтуынша, бұл ұйым осы мәселелерді шешумен айналысады. «Бүгінде саясатта, мемлекеттік
Жетісу облысы

Биыл Балпық би кентінде 50 тұрғын үй салынады

Бұл туралы Көксу ауданының әкімі Дәулет Халелов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтты. Бірінші тоқсанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын айтатын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім байқалады. Ауданда