Жаңалық

Қонаев қаласының ұстаздары марапатталды

Бүгін Алматы облысының орталығында мұғалімдер күні тағы атап өтілді. Салтанатты шарада Қонаев қаласының ұстаздары марапатталды.

Жиында шаһар басшысының орынбасары Нұрсолтанова Сәуле сөз алды.

«Бұл орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлы мереке. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Бүгінгі күні Қонаев қаласы мен ауылдық білім беру мекемелерінде 1300 педагог қызмет атқаруда», – деді әкімнің орынбасары.

Сәуле Нұрсолтанованың айтуынша, жас мамандарға тұрақты түрде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

«Былтыр «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2 маманға жалпы сомасы 9,6 млн. теңге берілді. Ал биыл 7 маманға 2,4 млн. теңге көтерме жәрдемақы төленді», – деді ол.

Қала әкімінің орынбасары ұстаздар мен мектеп ұжымдарының жеткен жетістіктерін атап өтіп, педагогтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Шарада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Раушан Закериянова, Шамила Ормамбекова, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен Дания Коспаева марапатталды. Сондай-ақ министр Ғани Бейсембаевтың Алғыс хаты бірқатар ұстазға берілді. Ал Назгүл Каримоваға Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы табысталды. Ардагер ұстаздар да назардан тыс қалмай, марапатқа ие болды. Қала әкімінің Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен марапатталғандар қатары да аз емес.

Related Posts

Жаңалық

Алматыда жылыту маусымы басталды

Алматыда әлеуметтік нысандарға бүгіннен бастап жылу беріле бастады. «Алматы жылу желілері» мекемесінен мәлім еткендей, медицина, білім мекемелері мен өзге де әлеуметтік нысандарға 10 қазаннан бастап кезең-кезеңімен жылу беріледі. «Бірінші кезекте
Жаңалық

Алматы облысында жыл басынан бері 85 адам құтқарылды

Суға бату жағдайы тек жаз айларында ғана емес қүзде және қысқы мезгілдерде орын алады. Әсіресе әуесқой балықшылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы оқыс оқиғаға алып келеді. Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің айтуынша су
Жаңалық

Талғар ауданында 32 елді мекеннің халқы газға қосылған

  Алматы облысындағы өндірісі өркендеген аймақ-Талғар ауданы.  Былтыр 9 бірдей жаңа өндіріс ошағы ашылып,  инвестиция көлемі 1,8 млрд. теңгеге жеткен, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауданда «Қайрат»
Жаңалық

Алматы облысында талап бұзған медицина мекемелеріне айыппұл салынды

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биыл 9 айда 61 денсаулық сақтау ұйымына тексеру жүргізіп, барлығында (100%) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғанын анықтады, деп жазды Алатау арайы порталы. Атап айтсақ, медициналық ұйымдарда жұқпалы