Жаңалық

Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды

 

Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлері үшін көлік және мүлік салығын төлеу маңызды міндет болып қала береді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Олжас Отар баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыс бойынша 35 мыңға жуық азамат 2,8 млн теңге көлік салығына қарыз. Ал 38 мыңнан аса адам мүлік салығы бойынша 34,1 миллион теңге берешек. Қарыз көлемі бойынша Қарасай, Талғар және Іле аудандары көш бастап тұр.

“Салықты уақытында төлемеу азаматтарға ескерту жасауға алып келеді. Егер қарыз өтелмесе, іс сот орындаушыларына жіберіліп, борышкердің есепшоттары бұғатталуы мүмкін. Бұл қаржылық қиындықтар мен шектеулерге алып келетіні анық,” – деп түсіндірді Олжас Отар.

Сонымен қатар,мүлік және көлік салығы бойынша айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтсақ,мүлік салығынан босатылған азаматтардың саны 29 211 адамды құрап, 15,3 миллион теңге жеңілдік жасалды.
20 306 жеке тұлға көлік құралдарына қатысты 205,4 миллион теңгеге, ал 11 мыңға жуық жеке шаруақожалығы 101,2 миллион теңгеге жеңілдіктер алған. Жеңілдіктердің көпшілігі зейнеткерлерге, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көпбалалы аналарға және басқа да әлеуметтік санаттағы азаматтарға
арналған.

Бұдан бөлек, облыс бойынша 361мыңнан аса азамат декларация тапсыруға міндеттелген. Оның ішінде 250.00 және 270.00 нысанындағы декларацияларды 308 101 азамат тапсырды, бұл жалпы қажеттіліктің 85,3%-ын құрайды. Атап айтқанда, 250.00 нысанын 156 831, ал 270.00 нысанын 151 270 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкер өткізді.

“Декларацияларды уақытында тапсыру – заң талаптарын орындау ғана емес, азаматтардың қоғам алдындағы жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам. Бұл біздің қаржылық мәдениетімізді көрсетіп, экономикалық тұрақтылыққа үлес қосады,” – деп қосты Олжас Отар.

Салық департаменті декларацияларды уақытында тапсыру мен салықтарды төлеудің маңыздылығын түсіндіру бойынша үнемі ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеді.

Related Posts

Жаңалық

Бақыт Нарбутаев Қарасай аудандық мәслихат депутаты болып сайланды

2024 жылғы 31 наурызда №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қарасай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 7174 азамат енгізілді. Дауыс беруге -2756 сайлаушы, оның
Жаңалық

Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 949 қаулысымен Байланыс саласындағы «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді. Жоба негізінде ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс арқылы интернетке қосу жүзеге асырылуда. Меже 98 ауылды кең
Жаңалық

МӘМС: миына қан құйылған 61 жастағы ер адамға ота жасалды

61 жастағы ер адамға барлық медициналық көмек МӘМС есебінен жүргізілді. Науқасқа ота жасаған нейрохирург-дәрігері Гизатуллин Марат Римұлының айтуынша, қан кету мидың ісініп, бас миының өзегінің қысылуына әкелген. Әдетте бұндай жағдай
Жаңалық

Алматы облысында балық шаруашылығын дамытуға 5 ірі жоба іске асырылуда

  Балқаш-Алакөл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Құмашевтың мәліметінше, өңірде бес ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалардың жалпы құны 1,8 миллиард теңгені құрап, жылына 3 660