Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар? – мамандар түсіндірді

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қажетті құжаттарды тапсыру 30 қарашаға дейін жалғасады. Академияға түсу талаптарына және биылғы енгізілген өзгерістерге қатысты Алматы облысы бойынша академия филиалының директоры Малик Асанов түсініктеме берді.

Академияның басты артықшылығы – модульдік оқыту форматы. Білім беру орталығы тек мемлекеттік қызметшілерді ғана емес, квазимемлекеттік сектор өкілдерін, мәслихат депутаттарын және мемлекеттік бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін де оқуға қабылдайды.

Малик Асановтың айтуынша, биылғы оқу бағдарламасында маңызды өзгеріс – модульдер санының 4-тен 6-ға дейін ұлғаюы.
“Бұл құрылым білім алушылардың офлайн сабақтарға келуін азайтып, онлайн оқуға көбірек мүмкіндік береді.Енгізілген өзгеріс білім алушылардың уақытын тиімді пайдалануға және оқуды жұмыспен қатар алып жүруге мүмкіндік жасайды.” — дейді Асанов.

Академияда екі бағдарлама бойынша білім алуға болады. Оқу мерзімі 1 жыл. Атап айтсақ,«Executive MPA – Мемлекеттік басқару» және «Өңірлік даму – Master of Regional Development». Қос бағдарламада оқу үшін 2 жыл еңбек өтілі қажет. Айта кетерлігі «Мемлекеттік басқару» бағдарламасымен басшылық қызметте істегендер ғана оқи алады.

Сонымен қатар, биыл академия алғаш рет мемлекеттік қызметшілерге модульдік бағдарламалар бойынша магистратураға құжат тапсыру мүмкіндігін ұсынып отыр. Бұл ретте, жұмыс берушіден мемлекеттік орган жолдама беруі қажет, ал жұмыс кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес реттелуі шарт. Мемлекеттік қызметшінің офлайн сабақтарға қатысуын қамтамасыз ету үшін жұмыс беруші, оқуға түсуші және Академия арасында үш жақты келісімшарт жасалады.

Үміткерлерді қабылдау процесі екі кезеңнен тұрады – аналитикалық эссе жазу және сұхбаттасу. Эссе үміткердің ойлау қабілеті мен талдау дағдыларын бағаласа, сұхбат кәсіби дайындық пен жеке қасиеттерін анықтауға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1-30 қарашасы аралығында жүргізіледі. Толық ақпаратты apa.kz ресми сайтынан ала аласыз.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Алматы облысында отандық өндіріс өркендеп тұр

Еліміз бойынша ең іргелі жарық шамдарын шығаратын «Kaz Tek Invest» зауыты Жамбыл ауданында кереге жайған. Құрылғанына 13 жылдың жүзі болған өндіріс ошағында 150-ден астам қызметкер жұмыс жасайды. Көпті тұрақты жұмыспен
Жаңалықтар

Алматы облысындағы медициналық туризм: облыстық ауруханада 200-ден астам шетелдік пациент емделді

Адам өміріндегі ең құнды нәрсе - денсаулық. Кейде оны қалпына келтіру немесе жақсарту үшін біздің азаматтар басқа елдің мамандарына жүгініп жатады. Ал, бүгін біз сіздерге Қазақстандағы медициналық туризм және облыстық
Жаңалықтар

Жетісу облысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық басталды

2025 жылғы өрт қауіпті маусымға байланысты Жетісу облысының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу мен жою тәуекелдерін төмендету бойынша кезең-кезеңімен іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Облыста жағдайды бақылау үшін 3
Жаңалықтар

Алматы облысында 11 жастағы қыздарға ВПЧ-ға қарсы тегін вакцинация басталды

2024 жылдың күзінде елімізде 11 жастағы қыз балаларға адам папилломасы вирусына (ВПЧ) қарсы тегін вакцинациялау басталды. Бұл бастаманың маңызы, ВПЧ-ның таралу жолдары мен қауіптері туралы Alatau24.kz тілшісіне Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *