Жаңалық

Есік қаласындағы «Девушка с корзиной» ескерткіші қайта жаңғырып келеді

Алтын адам аллеясындағы ескерткіш жаңа кейіпке енуде

Жылдар бойы ескіріп, күтімді қажет еткен бұл тарихи нысанның қайта қалпына келтірілуі тұрғындардың қуанышына айналды.

 Бұл өзгеріс зейнеткер Сабенина Валентинаның өтінішінен бастау алды. Есік қаласының тұрғыны «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына келіп, ескерткіштің жағдайын көтерді. Айтылған мәселе бірден партияның назарына алынды.

«Партияның негізгі мақсаты – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және олардың сұраныстарын елеусіз қалдырмау. Біз азаматтардың мәселесін дер кезінде шешу арқылы олардың бізге деген сенімін ақтаймыз. Есік қаласындағы ескерткішті күрделі жөндеуден өткізу – тек бір ғана мысал. Мұндай жұмыс әлі де жалғасын табады», – деді Бағдат Рахимов.

Ескерткішті жөндеуге 3,9 млн теңге бөлініп, «Еркен» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының 90%-ы аяқталды. Бұл партияның тұрғындардың сұранысына жедел әрекет етіп, нақты шешімдер қабылдайтынын көрсетеді.

«Менің өтінішіме осындай жедел әрекет етіледі деп ойламаппын. Партияның жұмысы шынымен халық үшін екенін көріп отырмын. Бұл тек мен үшін емес, бүкіл қала үшін маңызды іс болды. Енді бұл ескерткіш қайтадан Алтын адам аллеясының көркіне айналарына сенімдімін», – дейді зейнеткер.

Айта кету керек, аталмыш ескерткіш Есік қаласының ауыл шаруашылығындағы жетістіктерін дәріптеу мақсатында орнатылған. Бұл нысан қала тұрғындары үшін еңбек пен әйел бейнесінің символына айналған.

Related Posts

Жаңалық

Алматыда ортопедия және травматология бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция табысты өтті

7-8 қарашада Алматыда «Қолданбалы ғылымдағы заманауи жетістіктер: биомеханикалық зерттеулерден клиникалық сынақтарға дейін» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Қазақстан, Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Жапония, Қытай, Польша, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан,
Жаңалық

Бак эндокардит: 6 ай бойы өздігінен емделген науқастың жүрегінде ақау анықталған

Жамбыл ауданының дәрігерлері 6 ай бойы емін таппаған науқастың жүрек ақауы бар деген күдігі расталып, ауруын дәл анықтаған. 31 жастағы аудан тұрғыны ауруы асқынған шағында жергілікті Жамбыл аудандық ауруханасына жүгінген.
Жаңалық

Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды

Алматы облысының Талғар ауданында №15 өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді. Нұра ауылында бой көтерген жаңа нысан жақын маңдағы 10 мыңнан астам халыққа қызмет етеді. Өрт сөндіру бөлімі – автоцистерна, автосаты
Жаңалық

«AMANAT»: Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев азаматтарды қабылдады

Өңір басшысының орынбасары «AMANAT»партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың түйткүлді мәселелері бойынша өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Кездесуде аймақ тұрғындары әртүрлі мәселелерді көтеріп, шешімін табу үшін өз ұсыныстарын білдірді. Мәселен, Кеген