Жаңалық

«AMANAT»: Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев азаматтарды қабылдады

Өңір басшысының орынбасары «AMANAT»партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың түйткүлді мәселелері бойынша өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Кездесуде аймақ тұрғындары әртүрлі мәселелерді көтеріп, шешімін табу үшін өз ұсыныстарын білдірді.

Мәселен, Кеген ауылының тұрғыны Үміт Көпбосынова мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталығының қажеттілігін білдірді.

«Қазіргі уақытта Кеген ауданында 100-ден аса мүмкіндігі шектеулі бала бар, және олар жыл сайын оңалту орталықтарына мұқтаж. Егер Кеген ауылында оңалту орталығы салынса, балалар басқа өңірлерге баруға мәжбүр болмайды», –дейді Үміт Көпбосынова.

Руслан Исатаевтың айтуынша, Кеген ауылында 50 орындық оңалту орталығының жобасы үшін 0,8033 гектар жер бөлініп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатқа басталады. Бұл орталық балаларға қажетті медициналық қызметтерді өз өңірлерінде алуға мүмкіндік беріп, басқа өңірлерге бару қажеттілігін жояды.

Ал Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер ауылының 70 жасар тұрғыны Асыл Байтулақов халықаралық туризмді дамыту мақсатында «SPDM Азия» ЖШС-нің «Түрген» инвестициялық жобасына қатысты сұрақ қойды.

Оның айтуынша, компания спорт демалысы мен сауықтыру үшін жыл бойы жұмыс істейтін халықаралық курорт құруды жоспарлап отыр. Алматы облысының әкімдігіне 2023 жылдың қазанында сұраныс хат жолданғанымен, жобаны ілгерілету үшін одан әрі қадамдар жасалмаған.

«SPDM Азия» ЖШС өтініші әкімдік тарапынан қарастырылды және компания өкілдерімен өткен қазан айында келіссөздер жүргізілді. Қазіргі уақытта «Түрген» тау шаңғы курортының инвестициялық жобасы Алматы облысының Өңірлік даму орталығының бақылауында. Алайда, жобаны ілгерілету үшін қосымша қадамдар жасалмаған. Әкімдік инвестициялық ұсыныстарға әрдайым ашық», – дейді облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар Қонаев қаласының тұрғыны Дариға Утаулинова зейнеткерлерге арналған орталықтың ашылу мәселесін көтерді.

«Қонаев қаласында қарттар мен ардагерлер үшін орталық ашылады деп күтілген еді, бірақ әзірге нақты өзгерістер жоқ. Қарттардың бос уақытын ұйымдастыру үшін бұл орталықтар өте маңызды», – деп атап өтті зейнеткер._

Әкім орынбасарының айтуынша, шаһарда қазіргі уақытта 220 орындық «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, қарттар мен мүгедектер үшін «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ашу жоспары бар, оның ашылуы биыл қыркүйекте жоспарланып отыр.

Қабылдау барысында Рустам Исатаев тұрғындардың ұсыныстары мен сұрақтарына мұқият жауап беріп, олардың мәселелерін шешу үшін қажетті шаралар қолданылатынын айтты. Әрбір мәселе заңды түрде қаралып, шешімін табуға бағытталған жұмыстар жүргізілетін болады.

Еске сала кетейік, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 3 мыңға жуық адам жүгінген.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында «Денсаулық бұрышы» акциясы өтті

Шара аясында Жамбыл ауданының ірі сауда орталықтарында тұрғындарға тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді. Игі бастама Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы мен Жамбыл аудандық ауруханасымен бірлесе өткізілді. Аясында қор өкілдері
Жаңалық

Алматы облысында 5 айдан бері мектептің құрылысы тоқтап тұр

Аманаттықтар құрылысы баяу жүріп жатқан білім беру нысандарын аралады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді. Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Төле би ауылында жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысы маусым
Жаңалық

Алматы облысының 300-ден астам саяжай массиві елді мекенге қосылады

Саяжай алқабының аумағын жақын маңдағы елді мекендердің шекарасына енгізе отырып, бас жоспарларды түзету бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Болат