Жаңалық

Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды

Алматы облысының Талғар ауданында №15 өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді. Нұра ауылында бой көтерген жаңа нысан жақын маңдағы 10 мыңнан астам халыққа қызмет етеді. Өрт сөндіру бөлімі – автоцистерна, автосаты және жедел-құтқару автокөлігі сияқты арнайы техникалармен жабдықталған – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсімге ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал лейтенант Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, құтқарушылар мен аудан тұрғындары қатысты.

Шыңғыс Сайранұлы өз сөзінде өрт сөндіру бөлімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында салынғанын айтып, оны жүзеге асырған облыс әкімдігіне ризашылығын білдірді.

«Нұра ауылында бұрын өрт сөндіру бөлімі болмаған. Төтенше жағдай кезінде тұрғындар Талғар мен Іле ауданындағы өрт сөндіру қызметіне жүгінетін. Бүгінде Алматы облысында мұндай жаңа нысандардың жиі ашылып жатқанының куәсі болып жүрміз. Бұл – қарқынды жұмыстың нақты нәтижесі. Мемлекет басшысының қолдауымен еліміздің әр аймағында, оның ішінде Алматы облысында да жаңа бөлімдер бой көтеріп, жаңа техникалар, өрт сөндірушілерге арналған киімдер сатып алынып жатыр. Алдағы уақытта мұның бәрі халық игіліне қызмет ететін болады», – деді генерал лейтенант.

Марат Елеусізұлы да тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құтттықтап, Нұра ауылында атқарылған айтулы шаралар туралы баяндады.

«Соңғы уақытта Нұра ауылы жақсы өзгерістердің жаршысы болып жүр. Жақында ғана жаңа көпір мен медициналық нысан пайдалануға берілді. Алдағы қыркүйек айында жаңа мектеп есігін айқара ашады. Енді тек газ мәселесі өзекті болып тұр. Бұл да жақын арада шешімін табады. Ал қолданысқа берілген бұл өрт сөндіру бөлімі төтенше жағдай кезінде Нұра ауылы мен оның айналасындағы 4 елдімекен тұрғындарына жедел көмек көрсетеді. Құтқарушыларға жағдай жасау – ел Президентінің тікелей тапсырмасы. Сондықтан қызметкерлердің жай-күйі мен халықтық қауіпсіздігі әрқашан біздің бақылауымызда», – деген аймақ басшысы төтеншеліктердің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Өрт сөндіру бөлімінің лентасы қиылғаннан кейін қонақтар нысанды аралап көрді. Замануи депо жаңа технологиялармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда диспетчерлік пункт, оқу сыныптары мен спорт аймағы қарастырылған. Қызметкерлердің демалыс, киім ауыстыру және дайындық бөлмелері бар. Олардың жұмыс істеуі мен кәсіби даярлығына барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда 20-ға жуық қызметкер еңбек етеді.

Нұра маңындағы Дулат ауылының тұрғыны Жанар Иманқұлова осы салтанатты рәсімге арнайы келгенін айтты.

«Өрт сөндіру бөлімінің ашылуын асыға күттік. Себебі өрт тұтанған кезде құтқарушыларды ұзақ күтіп қалатынбыз. Халықтың талап-тілегін ескеріп, осындай жаңа нысан салып берген жандарға алғысым шексіз. Алдағы уақытта халыққа мінсіз қызмет етеді деп сенеміз», – деді тұрғын.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жыл басынан бері 221 адам АИТВ жұқпасын жұқтырған

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Аталған инфекция бойынша өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары баяндады.   Орталықтың бас дәрігерінің
Жаңалық

Алматы облысында шалғайдағы 10 мектепке Илон Масктың SpaceX Starlink интернеті қосылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин 100 оқушыдан аспайтын шағын ауылдық мектептерге SpaceX компаниясынан интернет орнату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. «Біз интерпраз шешімін сатып алуға келістік.
Жаңалық

Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

Қонаевта дәрігерлер көлікпен жылқыға соғылып, миына қан құйылған азаматты өлім аузынан арашалап қалды. Қалалық көпсалалы ауруханасына 29 жастағы азамат ес-түссіз күйде түскен. Компьютерлік томографиядан өткізіліп, қажетті талдаулар жүргізілгеннен кейін науқаста
Жаңалық

Студенттерге МӘМС жүйесінің артықшылықтары түсіндірілді

Әрбір пациенттің шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін дәрігерді немесе