Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы Жібек жолы ауылында кептеліс пен қауіпті өткел мәселесін шешті

Қарасай ауданында жаңа айналма жол айрығы салынды. Бұл жоба Қарасай ауданының тұрғыны Зулхар Кулматанбетовтің өтініші негізінде қолға алынған болатын.

Зулхар Кулматанбетов бұл мәселені Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен өткен «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында көтерді. Тұрғынның өтінішін тыңдаған өңір басшысы мәселені шешуді назарға алатынын айтып, тиісті тапсырмалар берді.

Нәтижесінде, Жібек жолы ауылдық округінде айналма жол айрығы салынып, көптен күткен мәселе оң шешімін тапты. Ұзындығы 6 шақырымды құрайтын, төрт жолақты бұл автожол республикалық маңызы бар «Шамалған бекетін айналып өтіп, РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» бағытындағы көлік инфрақұрылымын жаңарту жобасы аясында жүзеге асырылды. Айналма жол айрығы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ықпалымен, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында іске қосылды.

«Бұрын бұл өткелде көліктер ұзын-сонар кезекте тұрып, сағаттап күтуге мәжбүр болатынбыз. Енді айналма жолдың арқасында уақыт үнемделіп, қозғалыс қауіпсіздігі де артты. Біз үшін өте маңызды мәселенің осылай жылдам шешімін тапқанына ризамыз. Бұл үшін облыс басшылығы мен «AMANAT» партиясына алғысымыз шексіз», – деді Зулхар Кулматанбетов.

Айта кету керек, бұл жоба арқылы «Орталық-Оңтүстік» бағыты бойынша Астана-Қарағанды, Балқаш-Алматы арасындағы тас жолдарды жалғап, көлік қозғалысын жеңілдету көзделген. Жолдың салынуы тоғыз жолдың торабы саналатын Жібек жолы ауылындағы кептелістерді жойып, қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз етті.

Shares:

Related Posts

Жаңалықтар

Балқаш ауданында былтыр 14 мың тоннадан астам ет өндірілді

Кезінде «ақ күріштің отаны» атанған Балқаш ауданы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, шағын бизнес және инфрақұрылымдық даму бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. 2024 жылы ауданда ауылшаруашылығының ішкі өнім саны 40 миллиард
Жаңалықтар

2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын
Жаңалықтар

Жемістер мен көкөністерден алынған шырын өнімдері туралы не білуіміз керек?

Шырындар – көбісі ұнататын жазғы сусындар. Біреулер оларды иммунитетті күшейтетін және дәрумендермен қанықтыратын пайдалы тағамдарға жатқызады, ал біреулер құрамында қант тым көп болғандықтан, мүлде бас тартуға шешім қабылдайды. Қайсысы шындық,
Жаңалықтар

Жетісуда ана мен бала денсаулығын жақсарту басты назарда

Жетісу облысында ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында 2025 жылы облыстық перинаталдық орталықта ұрықты қорғау орталығы бөлімшесінде бір күндік клиника ашып, ұрық хромосомаларына инвазивті пренаталдық диагностика, генетикалық зерттеу жүргізуді бастау
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *