Сайлау

Сәкен Бауыржанұлы Жансаров: «Білім беру мен инфрақұрылымды дамыту – басты мақсатым»

Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сәкен Бауыржанұлы Жансаров өзінің сайлауалды кампаниясы аясында тұрғындарға аймақты дамыту бойынша тың идеялары мен нақты жоспарларын ұсынды.

Сәкен Бауыржанұлы – өмірінің көп бөлігін білім беру саласына арнаған тәжірибелі маман. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. Білімімен қатар, еңбек жолы да осы салаға бағытталған. Ол үш жоғары оқу орнын тәмамдап, білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосып келеді. Бүгінгі таңда Іле ауданының №45 орта мектебінің директоры қызметін атқарып отыр.

Өзінің кәсіби қызметінде білім беру сапасын жақсарту, мектептерді заманауи құралдармен жабдықтау және мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру бағытында жұмыс істеп келеді. Ол басшылық ететін мектеп бүгінгі таңда аймақтағы үздіктер қатарында.

Үміткердің пікірінше, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мақсатында келесі бағыттар бойынша жүйелі жұмыс атқару қажет:

  • Мектептер мен балабақшаларды заманауи талаптарға сай ету. Бұл – оқушылардың сапалы білім алып, толыққанды дамуы үшін басты қадам.
  • Жолдар мен инфрақұрылымды дамыту. Ауылдардағы көшелерді жарықтандыру, жөндеу жұмыстары және ауыз су жүйелерін жаңғырту – тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтерудің негізі.
  • Әлеуметтік қолдау шараларын арттыру. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасылар үшін арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру қажет.
  • Жастардың әлеуетін дамыту. Спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыру арқылы жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау.
  • Экология және қоршаған орта. Табиғатты қорғау, жасыл аймақтарды көбейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру басты назарда болуы тиіс.

«Мен өз аймағымның мәселелерін жақсы білемін және оларды шешу үшін нақты қадамдар жасауға дайынмын. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, болашақ ұрпақ үшін қолайлы орта қалыптастыру – басты мақсатым», – деді Сәкен Бауыржанұлы өз сөзінде.

8 желтоқсан күні сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауыңызды жасаңыз. Сіздің дауысыңыз – өңірдің жарқын болашағына қосқан үлесіңіз.

Бұл материал үміткердің сайлауалды кампаниясы аясында әзірленді. Үгіт материалы үшін төлем аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылды.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында мемлекеттік аудит нәтижесінде 1,4 млрд теңге қаржылық бұзушылық анықталды

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың алғашқы 10 айында белсенді жұмыс атқарып, мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және қаржылық заңдылықтардың сақталуын бақылау бойынша бірқатар маңызды шараларды
Жетісу облысы

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай тұрақты

Талдықорған мен Текелі қалаларындағы ауаның ластану деңгейі төмен, ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында шығарылған зиянды қалдықтардың көлемі 9,7 мың тоннаға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік
Сайлау

Касымжанова Алия Максимовна: кандидат представил предвыборную программу для жителей Коксуского района

Предвыборная программа кандидата в депутаты Коксуского районного маслихата по избирательному округу №5 Касымжановой Алии Максимовны