Жаңалық

Студенттерге МӘМС жүйесінің артықшылықтары түсіндірілді

Әрбір пациенттің шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға құқығы бар. Бұл туралы студенттермен кездесуде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы өкілдері мәлімдеді. Мамандар жастарға жеңілдік санаты, «сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтардың медициналық көмек алуы, емханаларды таңдау, оңалту туралы кеңінен түсіндірді.

«Жұмыс берушілер халықтың мынадай санаттары үшін МӘМС төлемдерінен босатылады: балалар; жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар; зейнетақы төлемдерін алушыларға, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар; мүгедектігі бар адамдар; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушыларды; әскери қызметшілер; арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері; құқық қорғау органдарының қызметкерлері», — деді жиында сөз алған Әкімбек Саурықбаев.

 

Кездесуде жеңілдік санатының мүшелері, қордың байланыс құралдары, медициналық көмекті алу кезіндегі қиындықтар туындағанда әрекетер түсіндірілді. Жалпы, қор өкілдері Қонаевтағы бірнеше колледж студенттерімен кездесті.

Бұдан бөлек, қор қызметкерлерімен Алматы облысындағы жалғыз университет Сулейман Демирель атындағы университетімен онлайн байланыс орнатып, білімгерлерге МӘМС артықшылықтарын жеткізді. Әрбір студент онлайн жүйе мүмкіндіктері жазылған материалдармен танысты.

 

Жалпы, Алматы облысында қор өкілдерімен 8 колледж студенттерімен онлайн және офлайн форматты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

ӘМСҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 949 қаулысымен Байланыс саласындағы «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді. Жоба негізінде ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс арқылы интернетке қосу жүзеге асырылуда. Меже 98 ауылды кең
Жаңалық

Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мақсат жұмыс іздегендерге жол сілтеу. Жұмыссыздар мен жұмыс беруші арасында байланыс орнату. «Qonaev city» орталығыда өткен шараны мансап орталығы ұйымдастырды. Бос жұмыс орындары
Жаңалық

Алматы облысында жол қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде?

  Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Еркебұлан Ахметов баспасөз мәслихатында баяндады. Спикердің айтуынша, бұл бағыттағы
Жаңалық

Алматы облысындағы республикалық жолдар екі айға жетпей жарамсыз күйге түсті

Кеген ауданы әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, биыл көктемде жөндеуден өткен Көкпек, Кеген, Нарынқол ауылдарында жасалған жолдың сапасы сыр берген. Онымен қоса, Кеген – Түп тасжолы мен Көлсай жолдары да шұрық