Жаңалық

Мәжіліс депутаты Рожин Максим Ұйғыр ауданына іс-сапармен келіп, аудандық партия филиалында қоғамдық қабылдау өткізді

Қабылдауға алдын ала жазылған 7-ге жуық тұрғынның шағымдары толығымен тыңдалды және ұсыныстары да ортаға салынды.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Рожин Максим Николаевич, Ұйғыр ауданына іс-сапармен келіп, аудандық партия филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.

Жеке қабылдау барысында аудан тұрғындары тұрғын үй кезегі, жұмыссыздық, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелер және т.б. жәрдем түрлеріне қатысты сауалдарын қойып, жер мәселелері бойынша өз ұсыныс-тілектерін білдірді.
Қабылдауға алдын ала жазылған 7-ге жуық тұрғынның шағымдары толығымен тыңдалды және ұсыныстары да ортаға салынды. Көпшілігінің мәселелері ортақ, яғни үй кезегінің баяу жылжуына қатысты болды, сонымен қатар мәдениет қызметкерлеріндегі операторлардың және әкімшілікте істейтін жүргізушілердің, кіші қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі, мемлекеттік тілдің құндылығы туралы сұрақтар көтерілді. Бұл мәселені назарға алған мәжіліс депутаты Шонжы ауылындағы салынып жатқан 60 пәтерлі үй жылдың соңына дейін аяқталатынын, содан соң тұрғын үйлер кезектілікке сай 60 отбасына берілетінін айтты.

Жалпы айтқанда, қабылдауға жазылған азаматтар тарапынан көптеген арыз-шағымдар да, өтініштер де, ұсыныстар да тыңдалды. Максим Николаевич барлығын сараптай, саралай келе, баршасына толықтай жауабын берді. Шешімі бар мәселелерге қатысты жауабын сол жерде берсе, кейбірін жауапты бөлім басшыларына табыстады.

Related Posts

Жаңалық

Көкжөтел

Көкжөтел - бұл балалар мен ересектерде кездесетін, Bordetella pertussis бактериялармен шақырылатын қауіпті жұқпалы ауру. Инфекцияның таралу жолы - ауа тамшылы. Қоздырғыш түшкіру және жөтелу кезінде көп бөлінеді. Инфекция көзі көкжөтелмен
Жаңалық

Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мақсат жұмыс іздегендерге жол сілтеу. Жұмыссыздар мен жұмыс беруші арасында байланыс орнату. «Qonaev city» орталығыда өткен шараны мансап орталығы ұйымдастырды. Бос жұмыс орындары
Жаңалық

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алматы облысының тарихы мен мәдениеті ұлықталды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында құрылған «Көшпенділер Әлемі» этноауылында Алматы облысының 3 киіз үйі тігілді. Қазақ үйлердің бірінде өлкеміздің туристік орындары: Есік қаласынан табылған «Алтын адам», Көлсай, Қайыңды көлдері, Шарын шатқалы,
Жаңалық

МӘМС аясында Талғар ауданының тұрғынына тіліксіз ота жасалды

66 жастағы науқас Талғар аудандық ауруханасына жүгінген кезде, екі апталық интоксикация, тахикардия болып, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілген. Бір апта бұрын жеке клиникаға барған, бірақ ол жерде тиісті ем қабылдамаған.