Жаңалық

Алматы облысында тамағына сүйек тұрып қалған нәресте құтқарылды

Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына 1 жастағы бала тамағына бөгде зат тұрып қалуынан түскен. Анасының айтуынша, бала үйінде тамақ ішіп отырған кезінде,  тамағына сүйек тұрып қалған. Нәресте қабылдау бөлімінде бір топ дәрігердің қарауында болып, консультациядан кейін диагностикалық бронхоскопия жасау туралы шешім қабылданыпты.

«ТМККК шеңберінде қажетті медициналық көмек көрсетілді. Операция алдындағы дайындықтан кейін диагностикалық бронхоскопия жасалды, онда сүйек бөлігі анықталды. Бөтен денені көмейден, дауыс байламдарының астынан аман-есен алып тастады. Жақында науқас аман-есен үйіне шығарылды. Баланың жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат болған кезде өте ауыр көрінеді. Мұндай науқастар ауруханаға жиі түседі», — дейді  облыстық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Асқар Қалиев.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің айтуынша, мұндай жағдайлар өңірде жиі кездеседі. Сондықтан мамандар ата-аналарға балаларға мұқият қарауға, қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Айта кетерлігі, елімізде балалар МӘМС шеңберінде тегін емделеді. Олар 15 жеңілдік санатындағы топ қатарына кіреді. Яғни, жарнаны олар үшін мемлекет төлейді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында «Жаңару күні» атап өтілді

⚡Бүгін «Жаңару күні» атап өтілуде ⚜️Ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін бұл күн – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастап, елдің жаңа саяси ерік-жігері мен
Жаңалық

Алматы облысы: Оқу жылы қалай кортындыланды?

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Мұхамажанқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстың жалпы білім беретін ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының аяқталуы және балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңде демалысы туралы баяндады. Осы
Жаңалық

Алматы облысында тірек-қимыл жүйесін емдеудің заманауи тәсілдері енгізілді

Тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеуде жаңа әдістердің маңызы зор. Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылында Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығында тұрғындарды мұндай диагнозбен емдеу ісіне жаңашылдық енгізілді. Енді мекемеде халықаралық стандарттарға