Қоғам

AMANAT: Алматы облысында партияның жол картасы аясында ауданға газ берілді

2019 жылы «Алматы – Талдықорған» магистралды газ желісінен көгілдір отын тарту арқылы «Бақанас» автоматтандырылған газ тарату стансасы салынып, ауданға жоғары қысымды құбырлар жүргізілебастаған. Станса құрылысы аяқталған уақытта газ тарату желілерінің болмауына байланысты көгілдір отынның берілуі кейінге шегерілген.

Бүгінде халықтың көптен күткен арманы орындалып, 16 320 тұрғыны бар 6 ауылда (Бақанас, Миялы, Бояулы, Ақдала, Бақбақты, Бірлік) газ беріле бастады.Бақанастың өзінде 52 шақырым газ құбыры жүргізілді. Ауылда 1300-ден аса үй болса, қазірдің өзінде оның 510-ы табиғи газға қосылып үлгердіОсыған байланысты ауданда салтанатты шара өтті.

Шараға арнайы қатысқан өңір басшысыныңорынбасары Нұржан Құдайбергенов пен облыстықпартия филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады. Балқаш тұрғындары үшін мерейлі күн екенін, көптен күткен газбен қамту мәселесішешілгенін айтты.

«Облыста 384 елдімекеннің 294-і газдандыруғажатады, қазіргі уақытта 149 елді мекенгаздандырылды, 1 миллионнан аса адам газға қолжеткізді. Газ тұрғын үйлерді, әлеуметтікнысандарды жылытуға ыңғайлы, аймақташағын және орта бизнестің дамуына өзінің оң ықпалын тигізетіні анық», – дейді Нұржан Құдайбергенов.

Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Жол картасынасай 2027 жылға дейін өңірдің газдандыру деңгейі 70 пайызға жетпек.

«Ауданда жүзеге асырылуы тиіс мәсе­лелердітұрғындармен бірге талқылап, ұсыныс-тілектерінжинағанбыз. Солардың бірі, елді мекендерді газбенқамту мәселесі болатын. Биыл Балқаш ауданындақараша айына дейін газ беріледі деп уәде берілген еді. Бүгін сол сәт туып, қуаныштарыңызға ортақтасыпотырмыз. Табиғи газбен қамтамасыз ету мұныментоқтамайды. Алдағы уақытта басқа да ауылдарғагаз құбыры тартылып, облыстың газдандыру көрсеткіші 70% өседі», – деді Аслан Кубентаев.

Айта кету керек, биыл 18 ауыл бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Оған бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінген.