ҚоғамҚұқық

Жетісу өңірінде заңдастырылмаған 1 мыңнан астам көлік анықталды

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, биылғы жылдың 23-ші қаңтарынан бастап, 2023 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жүргізуде. Заңдастыру басталған кезден Жетісу облысы аумағында Е-gov порталы арқылы 3179 өтініш түсіп, 2024 өтінімге оңтайлы шешім қабылданды. Бұл жайлы Жетісу облысы Полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Құдайбергенұлы Байкенов, Жетісу облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы процессингалық орталығының бастығы Әділет Қайнарбекұлы Темірқұлов пен Жетісу облысы ПД жол және техникалық инспекциясының аға инспекторы Диас Талғатұлы Молдабергенов мәлімдеді.
Облыстағы электрондық өтінімдер бойынша рұқсат берілген темір тұлпардың 2 мыңға жуығы агрегаттық тексеру және салыстырудан өтіп, оның 1974 тіркелген.
«Өңірімізде шет елдік көлік құралының 427 уақытша тіркеуде. Атап айтсақ, Армения – 46, Ресей – 423, Қырғызстан – 507, Беларусь – 1, Грузия – 1, Корея — 1, Дубай – 3, Моңғолия – 1, Америка – 1, сондай-ақ, пайдалану құқығына берілген сары Қазақстандық нөмірлері – 37 автокөлік тіркеуге қойылды. Сонымен қатар осы жылдың мамыр айының 22-ші жұлдызынан бастап 486 жуық автоконструктор автокөліктерін заңдастыру жүзеге асуда», — деді өз сөзінде Жасұлан Байкенов.
Айта кетейік, 2023 жылдың 17-ші шілдесінен бастап, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрын тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және шектеулері бар автокөліктерді Қазақстан Республикасында 5 жылдық мерзімге уақытша тіркеуге қоюға мүмкіндік берілді.
«Талдықорған қаласында орналасқан Мемлекеттік халыққа қызмет көрсету орталығына 498 азамат Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу бойынша жүгініп, оның 427 көлік құралы тіркелді. Яғни, Армения Республикасынан – 88, Қырғызстан Республикасынан – 183 және Ресей Федерациясынан — 156», — дейді Әділет Темірқұлов.
Ал осы жылдың 1 шілдесіне дейін өтініш берген барлық Қазақстан азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктерді заңдастыру құқығы берілді. Диас Молдабергенов бір реттік заңдастыруды ескере отырып, автокөлік иелеріне 2023 жылдың 1-ші шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана қаралатынын хабарлады.

Related Posts

Жетісу облысы

Қаратал ауданында туған күн иелері дауыс берді

Бүгін 61 жасқа толып жатқан Қаратал ауданы, Бәйшегір ауылының тұрғыны Сатай Серікбол Республикалық Референдумға өзінің сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасады. Туған күн иесі бұған дейін бірнеше сайлауға қатысқан, бірақ бұл
Жетісу облысы

ҚАБАНБАЙЛЫҚ ӘЖЕЛЕР ДАУЫС БЕРДІ

Еліміздің жарқын болашағы жолында Қабанбай ауылының Әжелер ансамблі бірауыздан келіп, №74 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасады. Әжелердің айтуынша, Қазақстанның әр азаматы өзінің азаматтық парызын орындап, қуатты ел болашағы үшін
Қоғам

Алматы облыстық депутаты: Жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар кез келді

Құрметті достар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Ұлттық Құрылтай – ұлт болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, шешім іздейтін бірегей алаң. Бүгінгі Құрылтайда
Қоғам

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы – 2023» жастар сыйлығы

Жетісу өңірінде ең креативті, бастамашыл және дарынды жастар таңдалмақ. Облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы-2023» сыйлығына іріктеу және ұсыну бойынша өтініштер қабылдау мерзімі  қараша айының 20-сынан басталды. Қатысу шарттары мен ережелерін