Жаңалық

Алматы облысындағы сотталушылар дәрігерлер тексерісінен өтті

Медициналық қызмет — жалпыға бірдей қолжетімді. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары 150-ге жуық жазасын өтеушіні қабылдап, арнайы ем тағайындады. Енді мұндай шара жыл сайын өткізіледі.

Қонаев қаласына қарасты Заречный ауылында орналасқан ҚР ҚАЖД-нің ЛА-155/12 түзеу мекемесінде, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері жазасын өтеп жатқан сотталушыларға медициналық тексеру жүргізді.

Аурухана директоры Айман Ракишеваның айтуынша, жазасын өтеп жатқан жандарды тексеру міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүргізіліп, ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік берді.  Мұнымен қоса, түрлі асқынуды болдырмаудың бірден-бір іс-шарасы екенін жеткізді.

«Бүгінде біз, дәрігер-терапевт, фтизиатр, хирург, уролог, окулист сынды әріптестерімізбен бірге, сотталғандарды медициналық тексеруден өткіздік. Тексеру нәтижесі бойынша, олардың бір бөлігі диспансерлік есепте тұрған және алдағы уақытта қажетті емдерін алады деп жоспарлануда», — дейді Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігер-невропатологы Парахатов Мансұр Марсұлы.

Мамандар 136 кеңес жүргізіп, 24 сотталғанды УЗД өткізіп, 30 азаматтан егжей-тегжейлі зертханалық зерттеуден өткізу үшін талдаулар алды.

Сотталғандардың құқықтық жағдайына қарамастан, медициналық көмекке тең қолжетімділігін есте ұстаған жөн.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында Наурыз мерекесінде 700-ге жуық іс-шара өтеді

Күн мен түннің теңесіп, жаңа күннің келер басы – Наурыздың табалдырықты аттайтын сәтіне де санаулы күн қалды. Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін 14
Жаңалық

Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен күрес күшейтілуде

Өңірдегі интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларымен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Текесбай Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте таныстырды. Қазіргі таңда
Жаңалық

Мемлекет тарапынан газ толтыру пунктеріне субсидия беріледі

Өңірде сұйытылған газды тиімді пайдалану мақсатында, газбен жабдықтау нысандары есепке алынады.Бұл туралы баспасөз мәслихатында газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистралдық құбырларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы