Жаңалық

Анарбек Монгол: Конституция – денсаулық сақтау жүйесінің берік негізі

Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың директоры Конституцияның медицина саласын дамытудағы маңызын атап өтті

Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың директоры, Талдықорған қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, PhD, MD, жоғары санатты травматолог-ортопед дәрігер Анарбек Монгол Конституцияның отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызына тоқталды.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматтың денсаулығын қорғауға және медициналық көмек алуға деген құқығын айқындайтын негізгі құжат болып табылады.

«Конституцияда адам, оның өмірі, денсаулығы, ар-намысы мен құқықтары ең жоғары құндылық ретінде белгіленген. Медицина қызметкерлері үшін бұл – жай ғана құқықтық норма емес, күнделікті жұмысымыздың басты бағдары және әрбір пациент алдындағы жауапкершілігіміздің айқын көрінісі», – деді Анарбек Монгол.

Ол елімізде денсаулық сақтау жүйесі кезең-кезеңімен жаңарып келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, жаңа медициналық нысандар салынып, диагностика мен емдеудің заманауи технологиялары енгізілуде, цифрлық денсаулық сақтау жүйесі дамып келеді.

Дәрігердің сөзінше, Конституцияның Қазақстанды әлеуметтік мемлекет ретінде айқындауы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің сақталуына және медициналық көмектің сапасын арттыруға құқықтық негіз болады.

«Медициналық ұйымдар үшін мұндай конституциялық негіз ұзақ мерзімді даму жоспарларын жүзеге асыруға, заманауи емдеу тәсілдерін енгізуге және пациенттер үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Анарбек Монгол алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, аурулардың алдын алу, қоғамдық денсаулықты нығайту және медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Сондай-ақ ол медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, еңбек жағдайын жақсарту және кадрлық әлеуетті нығайту медициналық көмектің сапасына тікелей әсер ететінін жеткізді.

«Қуатты мемлекеттің негізі – дені сау ұлт. Сондықтан адам өмірі мен денсаулығын қорғау әрдайым мемлекеттік саясаттың басты басымдығы болып қала береді», – деді Анарбек Монгол.

Related Posts

Жаңалық

Жастарға жалға беру үшін 10 мыңға жуық пәтер сатып алынады

Республикалық маңызы бар қалаларда жастарға 3 мың жалдамалы пәтер сатып алу үшін 32,3 млрд теңге бөлінбек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрді бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған. «Жастар жылының
Жаңалық

Қонаевта «Алатау жастары» ұйымы құрылды

Жиын барысында облыс орталығының «Алатау жастары» ұйымы құрылды. Қатысушылардың бірауыздан дауыс беруімен Жұмақан Дидар Айдарұлы ұйымның төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ ұйымның құрамы бекітіліп, төрағаның орынбасары сайланды. Жалпы ұйымға 11 адам
Жаңалық

ТМККК пакетіне не кіреді?

Елімізде медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан медициналық көмекті тегін алуға бола ма? Бұл туралы МӘМС қоры Алматы облыстық филиалының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде алуға болатын қызмет
Жаңалық

Алматы облысында биыл ауылшаруашылығы саласында 11 инвестициялық жоба іске асырылады

  Агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға кредит беру бағдарламасын іске асыру бойынша ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және Алматы облысы әкімдігімен үшжақты шарт жасалды,деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ауылшаруашылығы басқармасы