Без рубрики

«Алдымен – дауыс, кейін – той»: Іле ауданында жас жұбайлар дауыс берді

Базарбек Нұрбек пен Асия Дәуренбекқызы сайлау учаскесіне той киімімен келді.

Бүгін, 23 тамызда, жас жұбайлар Базарбек Нұрбек пен Асия Дәуренбекқызы Іле ауданының Өтеген батыр ауылындағы №1062 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Halyqmedia.kz.

Ақ көйлек киген қалыңдық пен классикалық костюмдегі күйеу жігіт учаскедегілердің назарын бірден аударды. Жас жұбайлар той күнінің қарбаласына қарамастан, дауыс беруге арнайы уақыт бөлген.

Той күніндегі ерекше естелік

Жас отбасын сайлау учаскесінің төрағасы құттықтап, ақ тілегін білдірді. Учаскеде болған тұрғындар да ізгі ниеттерін жеткізді.

— Бүгін біз үшін ерекше күн. Тойдың арасында сайлау учаскесіне де келіп үлгердік. Шынымды айтсам, бір күні қалыңдық көйлегімен дауыс беруге келемін деп ойламаппын. Енді бүгінгі күннен осындай ерекше суреттер де естелікке қалады, — деді Асия.

Дауыс бергеннен кейін жас жұбайлар тойын жалғастыруға аттанды. Енді олардың 23 тамыздағы естелік суреттерінің қатарында сайлау учаскесінде түсірілген ерекше кадрлар да бар.

Related Posts

Без рубрики

Қапшағай ГЭС-інің ұжымы Құрылтай сайлауына қатысты

Қонаев қаласының тарихы мен қалыптасуында айрықша орны бар Қапшағай ГЭС-інің ұжымы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Қапшағай ГЭС-і – қаланың бой көтеруіне негіз болған стратегиялық нысандардың бірі. Бір