Без рубрики

Ұлттық қолөнер шебері Жеңіскүл Дәулетова Іле ауданында дауыс берді

Кәсіпкер Құрылтай депутаттарының сайлауында азаматтық таңдауын жасады

Бүгін, 23 тамызда, ұлттық қолөнерді дамытуға үлес қосып жүрген белгілі шебер әрі кәсіпкер Жеңіскүл Дәулетова Іле ауданында дауыс берді, деп хабарлайды Halyqmedia.kz.

Жеңіскүл Дүйсенбекқызы қолөнердің қыр-сырын бала кезінен әжесінен үйренген. Бүгінде ол ұлттық өнерді кәсіппен ұштастырып, дәстүрлі қолөнерді кейінгі ұрпаққа насихаттап жүр.

«Әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес»

«Әрбір азаматтың дауысы – ел болашағына қосқан үлесі. Туған еліміздің дамуы мен тұрақтылығы үшін өз таңдауымызды жасау үлкен жауапкершілік», – деді Жеңіскүл Дәулетова.

Қолөнерші сайлауға қатысу әр азаматтың ел келешегіне деген жауапкершілігін білдіретінін атап өтті.

Related Posts

Без рубрики

Бір көше – бір таңдау: Шеңгелдіде 100-ден астам тұрғын таңертең бірге дауыс берді

Шеңгелді ауылындағы Қазақстан көшесінің тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, таңғы сағат 8:00-де №956 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Бір мезетте 100-ден астам тұрғынның сайлау учаскесіне жиналуы ауылдағы ауызбіршілік