Без рубрики

Биыл 15 адамды құтқарған Самғат Сәрсек Қонаевта дауыс берді

№5 жағажайдың құтқарушысы бұл салада алты жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді

Бүгін, 23 тамызда, құтқарушы Самғат Сәрсек Қонаев қаласында Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.

Самғат Сәрсек Қонаевтағы №5 жағажайда қызмет атқарады. Ол шомылу маусымында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайда жедел көмек көрсетеді.

Бір маусымда 15 адамды ажалдан арашалады

Биылғы шомылу маусымында Самғат Сәрсек 15 адамның өмірін құтқарып қалды. Оның жұмысы шапшаңдықты, батылдықты және кәсіби шеберлікті талап етеді.

Адам өмірін құтқаруды кәсіби міндетіне айналдырған маман сайлау күні азаматтық таңдауын білдірді.

Related Posts

Без рубрики

Бір көше – бір таңдау: Шеңгелдіде 100-ден астам тұрғын таңертең бірге дауыс берді

Шеңгелді ауылындағы Қазақстан көшесінің тұрғындары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, таңғы сағат 8:00-де №956 сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Бір мезетте 100-ден астам тұрғынның сайлау учаскесіне жиналуы ауылдағы ауызбіршілік
Без рубрики

Қапшағай ГЭС-інің ұжымы Құрылтай сайлауына қатысты

Қонаев қаласының тарихы мен қалыптасуында айрықша орны бар Қапшағай ГЭС-інің ұжымы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Қапшағай ГЭС-і – қаланың бой көтеруіне негіз болған стратегиялық нысандардың бірі. Бір