Жаңалық

Алматы облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтіп жатыр

Жедел алдын алу шарасы 20 қараша күні басталды. Айдың соңына дейін жоспарланған іс-шара жол қауіпсіздігін, қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алып, жалпы тәртіпті қамтамасыз ету үшін өткізіледі.

Бұл туралы Алматы облысы департаментінің бірінші орынбасары Мейрам Абикеев баяндады.
Спикердің айтуынша, іс-шараның басты мақсаты — қылмыстарды ізін суытпай ашу, құқықбұзушылықтарды, соның ішінде жол ережесін өрескел бұзғандарды анықтау.


«Өңірде іс-шара барысында ювеналдық полиция желісі бойынша есепте тұрған 141 тұлға тексерілді. 4 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастырылды және 3 адам уақытша бейімдеу және интоксикацияға қамалды. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін сақтамаған 25 көлік айыппұл тұрағына орналастырылды», — дейді Мейрам Жұмкенұлы.

Операция қорытындысы бойынша полицейлер екі күн ішінде облыс бойынша барлығы 3059 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша факті тіркеген. Соның ішінде 1492 қоғамдық тәртіпті сақтау және 1567 жол қауіпсіздігі желісі бойынша анықталған.
Спикер «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы кезінде қалалар мен елдімекен көшелерінде, қоғамдық орындарда тәртіп жақсарғаны байқалды деп қортындылады.

Related Posts

Жаңалық

Қонаевтағы ескерткіштердің аумағы тазаланды

Елімізде «Киелі мекен» эконауқаны өтіп жатыр. Аталған акция мәдени мұралар мен ескерткіштердің аумағын тазалап, абаттандыруға арналған. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс орталықтарында да қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Абай Құнанбайұлы мен Қонаев
Жаңалық

Қазақстандықтардың басым көпшілігі бүйрекке мұқтаж

Еліміз бойынша қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жүйесі қарқынды дамуда. Ресми мәлімет бойынша қазіргі уақытта Алматы облысында  250-ге жуық науқас донорлық ағзаға зәру. Кезекте тұрған науқастардың басым бөлігіне бүйрек трансплантациясы қажет.
Жаңалық

Алматы облысында тұңғыш ішекті симфониялық оркестр құрылды

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына 6 ұйым қарайды. Биыл бұл қатарға ішекті симфониялық оркестр қосылды. Әзірге ұжымда 17 өнерпаз бар. Олар скрипка, виолончель, альт, кантробаст пен баян аспатарында ойнайды. Алдағы