Жаңалық

Туберкулез және оның алдын алу

Әлем халқының төрттен бір бөлігі туберкулез микобактериясын жұқтырған.  Емдеу жолы мен дәрісі болса да әлемде жыл сайын туберкелезден миллионнан астам адам көз жұмып жатыр.

Жетісу облысында 2023 жылы туберкулездің 268 жағдайы тіркелген, балалар арасында – 11, жасөспірімдерде 8 жағдай.

Туберкулез – бұл микобактериялармен шақырылатын жиі өкпені зақымдайтын жұқпалы ауру. Ол – өкпені зақымдайды. Сондай-ақ, лимфа бездері, ішек, бүйрек, жыныс ағзалары, көз, сүйек, буын, ми, ми қабықшасы және басқа да ағзалар мен мүшелер зардап шегуі мүмкін.

 «Аурудың жұғу көзі белсенді өкпе туберкулезімен науқастанған адам. Науқас жөтелу, сөйлеу, түшкіру кезінде ауаға көптеп бактерияларды бөледі. Құрамында туберкулез қоздырғыштары бар ұсақ  аэрозольдар ауада қалқып 1-1,5 сағатқа дейін сақталып, желдетілмейтін бөлмеде қоздырғыш сау адамның ағзасына енуі мүмкін», — деп атап өтті Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Меруерт Амангелдіқызы.

Туберкулездің алғашқы белгілері төмендегідей:

— 2 аптадан аса құрғақ немесе қақырық бөлінумен ұзақ жөтел;

— тәбеттің жоғалуы;

— дене салмағының төмендеуі;

— жалпы әлсіздік, жайсыздық, тершеңдік (әсіресе түнгі уақытта);

— жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, шаршау;

— дене қызуының кезеңді жоғарылауы;

— кеуде тұсының ауруы сияқты белгілер байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. Туберкулез ауруы неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым одан тезірек айығуға болады.

«Жыл сайынғы флюорографиялық тексерулерден өту – өкпе туберкулезін анықтаудың сенімді және қауіпсіз әдісі. ЖЫл сайын тексеріліңіз. Қазақстанда туберкулезді ерте анықтау үшін халықты жаппай профилактикалық флюорографиялық тексерулер өткізіледі. Қаралу тегін», — дейді маман.

Туберкулезбен ауырмау және ауыр асқынған түрлерінің алдын алу үшін вакцина алған дұрыс. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жаңа туылған нәресте дүниеге келген кезде 1-4 күні БЦЖ екпесімен егіледі. Мамандар сондай-ақ, шылым шекпеуге, ішімдікке салынбауға, құнарлы тамақтануға кеңес береді.

 

 

Related Posts

Жаңалық

Жемістер мен көкөністерден алынған шырын өнімдері туралы не білуіміз керек?

Шырындар – көбісі ұнататын жазғы сусындар. Біреулер оларды иммунитетті күшейтетін және дәрумендермен қанықтыратын пайдалы тағамдарға жатқызады, ал біреулер құрамында қант тым көп болғандықтан, мүлде бас тартуға шешім қабылдайды. Қайсысы шындық,
Жаңалық

Кеген ауданында 30 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Кеген ауданында 30 отбасыға көптен күткен тұрғын үйдің кілттері табысталды. Жаңа баспаналар көп балалы отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері, 1-2 топтағы мүгедектер және жалғыз басты аналар сияқты әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға
Жаңалық

Алматы облысындағы демалыс аймақтарына санитарлық тексеріс жүргізілді

Алматы облысының демалыс орындары шомылу маусымына дайын, деп хабарлайды Өңірілік коммуникациялар қызметі. Жалпы, аймақта 103 су айдыны мен демалыс орыны бар. Атап айтсақ, 97-сі Қонаев қаласы және біреуі Еңбекшіқазақ пен
Жаңалық

Алматы облысында су тасқыны кезеңінде 42 гидропост орнатылды

Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында Төтенше жағдайдың алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматов пен "Қазселденқорғау" ММ филиалы ІААПТБ-ның ТЖААжҚҚП