Шырындар – көбісі ұнататын жазғы сусындар. Біреулер оларды иммунитетті күшейтетін және дәрумендермен қанықтыратын пайдалы тағамдарға жатқызады, ал біреулер құрамында қант тым көп болғандықтан, мүлде бас тартуға шешім қабылдайды. Қайсысы шындық, қайсысы миф екенін және кәдімгі азық-түлік дүкеніне барғанда шырындарды қалай таңдауға болатынын анықтайық.
Жаңа сығылған көкөніс шырындары витаминдер, талшықтар, органикалық қышқылдар мен пектинның көзі болып табылады. Олар қартаюды баяулатады, қанды жаңартады, жүрек пен бауырдың жұмысын жақсартады. Бір ғана минус – олардың дәмін ұнататындар аз.
Жеміс шырындары көкөніс шырындарынан тек құрамында қанттың болуынан жеңіледі. Қантты өнімдерді жиі қолдану артық салмаққа тікелей жол болып табылады, сонымен қатар қант диабетімен ауыратын адамдарға бас тарту керек. Бірақ, егер сізде мұндай проблемалар болмаса, жеміс шырындарын қалыпты мөлшерде ішу еш зиян тигізбейді.
Дүкенде сапалы шырынды қалай таңдауға болады?
Өнімді қолыңызға алған кезде өнімнің қаптамасына назар аударыңыз. Қаптама таза, құрғақ, ойықсыз, дөңессіз, зақымданусыз және ластанбаған болуы керек. Әрі қарай таңбалауға назар аударамыз, таңбалау келесі мәліметтерді қамтуы керек: шырын өнімдерінің атауы; өндірушінің атауы және орналасқан жері; саны (салмағы, көлемі); оған кіретін компоненттерді көрсете отырып, өнімнің құрамы; тағамдық және энергетикалық құндылығы; өнімнің дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі; сақтау шарттары, сондай-ақ қаптаманы ашылғаннан кейін сақтау шарттары туралы ұсыныстар; ЕАС белгісі; ГМО мазмұны туралы мәліметтер.
Атауды қалай зерттеуге болады?
Жемістерден/көкөністерден алынған шырын өнімдерінің атаулары сол өнімді өндіру үшін пайдаланылған жемістердің/көкөністердің атауларын қамтуы тиіс. Мысалы: жеміс шырыны, жидектерден/жемістерден/көкөністерден концентрацияланған шырын, көкөністерден алынған нектар, жеміс шырыны бар сусын, жидектерден дайындалған морс.
Жемістердің/көкөністердің екі және одан да көп түрінен өндірілген шырын өнімдерінің атауында шырындардың атаулары «жеміс/жидек/көкөніс қоспасынан» немесе «мульти –жеміс/жидек/көкөніс» деген сөздермен ауыстырылады. Сонымен қатар, тұтынушы қаптамада қандай шырын алатынын көруі керек – «тікелей сығылған» немесе «қалпына келтірілген».
Қант қосылған шырындардың атаулары «қант қосылған» деген сөздермен толықтырылуы тиіс. Егер өндірісте тәттілендіргіштер пайдаланылса, атаулар «тәттілендіргішпен» деген сөздермен толықтырылуы тиіс. Тұз қосылған шырын өнімдерінің тұтыну қаптамасында: «тұзбен» деген жазуды орналастыруға жол беріледі. Бал қосылған шырын өнімдерінің атауларының жанында: «балмен» деген жазу болуы керек. Сондай-ақ, егер көмірқышқыл газының массалық үлесі кемінде 0,2% болса, мұндай өнімнің тұтынушылық қаптамасында «газдалған» сөзі көрсетілуі керек.
Балалар шырыны. Балаларды тамақтандыруға арналған шырын өнімдеріне қатаң талаптар қойылады (шикізат пен қауіпсіздік көрсеткіштеріне). Мұндай өнімдерде қант пен тұздың мөлшері де шектеледі. Балалар өнімі үшін: «балалар тамақтануы үшін» деген жазу немесе өнімдердің балаларға арналған мақсатын көрсететін өзге де сөздер көзделеді. Мұндай өнімдерге арналған балалардың жас санаты міндетті түрде көрсетіледі. Егер өнімдер өмірдің бірінші жылындағы балаларға арналған болса, онда баланың диетасына осы өнімді енгізу ұсынылатын айдан бастап айлардағы баланың жасы (бірақ төрт айдан кем емес), оны тұтыну туралы, қаптаманы ашқаннан кейін сақтау шарттары мен мерзімдері туралы ұсыныстар көрсетіледі.
Шырын өнімдерін сатып алғанда, сатушыдан оның сәйкестігін растайтын құжаттарды сұраңыз. Шырын өнімдеріне сәйкестік туралы декларация немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәлік осындай құжат болып табылады. Егер сатушы сізге құжаттарды ұсынбаған болса, онда өнімді сатып алудан бас тартыңыз.
Азық-түлік таңдау кезінде саналы болуларыңызды тілейміз!