Жетісу облысыҚоғам

2024 жылы Жетісу облысында 202 км автожол жөндеуді жоспарлап отыр

2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста 198 шақырым жол жөнделді. Биылғы жылы 202 шақырымды жөндеу үшін Ұлттық  қордан  және жергілікті бюджеттен 20 млрд. теңге қаражат бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев бөлісті.

2022 жылғы 20 қазанда ҚР Президентінің Жетісу облысына жұмыс сапары кезінде Үкіметке және облыс әкімдігіне алдағы үш жыл ішінде 15 апатты көпірге күрделі жөндеу жүргізу тапсырылды. 15 көпірдің 5 көпіріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 5 көпірдің 2-і қолданысқа қабылданып, 3-і биыл беріледі. Қалған 10 көпірдің жөндеу  жұмысының  түрінің  өзгеруіне байланысты мемлекеттік сараптамадан қайта түзетулер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан  және  Көксу  аудандарындағы  5  көпірді жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Ол үшін 635 млн. теңге бөлінген.

«2024  жылы  облыстық маңызы бар автомобиль жолының 22 учаскесінде 45 дана фото-бейне бақылау камераларын орнату көзделіп отыр. Қазіргі  уақытта сметалық құжаттама әзірленуде. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 420 дана  уақытша  жол белгілері орнатылды. Бұдан басқа, Әкімшілік полиция және ТЖД басқармасымен бірлесіп іс-шаралар жоспары әзірленді. Төтенше жағдайында халықты хабардар ету схемасы бекітілді», — деді басқарма басшысы  Ғалымжан  Темірғалиұлы.

Жетісу облысының маршруттық  желісі  72 автобус бағытын  қамтиды. 7 облысаралық бағыт, 17 облысішілік бағыт, 38 ауданішілік, (қалаішілік) бағыт, 10 қала маңындағы бағыт, оған 18 тасымалдаушы 330 жылжымалы құрамымен қызмет көрсетеді.

 

Related Posts

Жетісу облысы

Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің аяқталуына бір ай қалды

Жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі 15 қыркүйекте аяқталады. Яғни, кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары осы уақыт аралығына дейін ел аумағындағы және шетелдегі активтері жөнінде дерек ұсынуы тиіс. Жалпы
Жетісу облысы

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай тұрақты

Талдықорған мен Текелі қалаларындағы ауаның ластану деңгейі төмен, ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында шығарылған зиянды қалдықтардың көлемі 9,7 мың тоннаға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік
Жетісу облысы

Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу туралы сөз қозғалды

Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында «Ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу» жобасы туралы сөз қозғалды. Бұл  жоба негізінен «Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешені» аясында патриотизм