Жаңалық

Алматы облысында шалғайдағы 10 мектепке Илон Масктың SpaceX Starlink интернеті қосылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин 100 оқушыдан аспайтын шағын ауылдық мектептерге SpaceX компаниясынан интернет орнату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біз интерпраз шешімін сатып алуға келістік. Оған әлдеқайда көп адам қосыла алады. Бұл шынымен де ауылдық мектептердегі интернет мәселесін шешеді. Біз оны Алматы облысындағы 10 мектепте сынақтан өткіздік. Мұғалімдер де, оқушылар да жаңалықты құптады. Сондықтан оны Қазақстан бойынша таратуды жалғастырамыз», – деді ол.

Министр бұл байланыстың Қазақстан үшін арзанырақ болатынын атап өтті.

«Дереккөздер SpaceX өзі ұсынған прайс-парақтардың негізінде құны туралы айтады, бірақ біз корпоративтік келісімшарт жасасамыз, қазір шарттар қорытындыланып жатыр. Келісімшартты аяқтауға және қол қоюға екі апта кетті, екі аптадан кейін барлық ақпаратты айтамын. Барлық мәліметті міндетті түрде жеткіземіз. Бүгінгі келіссөздердің бойынша бір нүктеге шамамен 200 доллар кетеді, яғни бұл ай сайынғы төлем. Бұл қаржыға құрылғылар кірмейді», – деді Мусин.

Министр бағаларды спутниктік байланыс құнымен салыстырды.

«Шамамен айына 200 доллар. Қазіргі уақытта спутниктік Интернет үшін сома секундына 4 мегабит. Спутниктік интернетті жеткізу үшін біздің әкімдіктер мен білім басқармалары қазір 1,5-3 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсауда», – деді министр.

Айта кетейік, бүгін Бағдат Мусин Қазақстанда Илон Масктың SpaceX Starlink компаниясының интернеті пайда болғанын хабарлады. Ол Алматы облысында шалғайдағы 10 мектепке қосылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бағдат Мусин ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету үшін Илон Масктың SpaceX ғарыш компаниясына жүгінуге мәжбүр болғанын айтқан еді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында МӘМС арқылы 400-ге жуық ота жасалды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мүмкіндігі зор. Бұл жүйе аясында Алматы облысы орталығындағы көпсалалы ауруханада жыл басынан бері 400 ге жуық ота жасалған. Жуырда иық артериясы диагнозымен Қонаев тұрғынына операция жасалыпты.
Жаңалық

Алматыда кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатында қоғамдық тыңдау өтті

Жастар саясаты басқармасының тапсырысымен Алматы жастарының кітап оқу белсенділігін арттыру «BOOKVIBE» жобасы аясында қоғамдық тыңдау өтті. Іс шараға Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты, «RESPUBLICA» партиясының мүшесі- Тұрсұн Әкім Хазретәліұлы және блогер,
Жаңалық

Қонаевта науқастарға 507 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген

Жыл басынан Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы 507 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін науқастарға үлестірді. Бұл тіркеуде тұрған емделушілерге арналған тегін көмек түрі. Диагнозы әртүрлі науқастардың еміне сеп болу, олардың денсаулығын жақсарту мақсатында
Жаңалық

Қонаевта биыл 8 мыңнан астам жасөспірім психологиялық көмекке жүгінген

Жастар денсаулық орталығының психологы Диана Ришатовна брифингте орталықтың жасөспірімдерге бағытталған маңызды қызметтерін баяндады. Оның айтуынша, ЖДО-ға жыл сайын 10 000-ға жуық жасөспірім жүгінсе, жыл басынан бері 8 000-нан астам жасөспірім