Жаңалық

Алматы облысында талап бұзған медицина мекемелеріне айыппұл салынды

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биыл 9 айда 61 денсаулық сақтау ұйымына тексеру жүргізіп, барлығында (100%) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғанын анықтады, деп жазды Алатау арайы порталы.

Атап айтсақ, медициналық ұйымдарда жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар орындамайды. Сондай-ақ, зертханалық зерттеулер қорытындысында дезинфекциялау-стерилдеу режимінің сақталмайтыны белгілі болды. Заттар, жабдықтар және жұмыс беттерінен зерттеуге алынған 2300 шайындының ішінен 15-і ішек таяқшалары тобының бактериялары мен стафилококтарға оң нәтиже көрсетті. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың стерильденгенін тексеру мақсатында 500-ден астам шайынды зерттелді, олардың 4-еуінің нәтижесі оң болды. Зерттелген 370 ауа сынамасының 17-сі оң нәтиже көрсетті, бұл ауаны зарарсыздандыруға қойылатын талаптардың сақталмағанын растайды. Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау ережелерінің сақталмайтыны зерттелген 120 сынаманың 3-еуінің оң нәтижесі растады.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 25 млн. 892 мың 250 теңге болатын 42 айыппұл салынды, 27 субъектіге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, 2 материал сотқа жіберілді, 3 медициналық қызметкер жұмыстан шеттетілді.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Алматы облысында есепте тұрған 1007 медициналық ұйымның арасында күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін 54 денсаулық сақтау объектісі (5,4%) анықталды. Оның ішінде ауылдардағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 35 нысан 2023-2024 жылдары құрылыс және күрделі жөндеу жүргізу үшін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасына енгізілді.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 9 айында 4 денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға берілді, бұл халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

Медициналық ұйымдардың санитарлық жай-күйі талапқа сай болмаса және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына наразылық туындаған жағдайда Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және оның аумақтық бөлімшелеріне немесе almobldkgsen@dsm.gov.kz электрондық мекенжайына хабарласуға болады.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында балабақшаларға арналған пилоттық жобасы іске қосылады

Жоба, Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында бастау алады деп хабарлайды, Өңірлік коммуникациялар қызметі. Алматы облысында халық саны көп болғандықтан мектепке дейінгі тәрбие жасындағы бала саны да басы. Бүгінде аймақта, 1150 мектепке
Жаңалық

Мемлекет тарапынан газ толтыру пунктеріне субсидия беріледі

Өңірде сұйытылған газды тиімді пайдалану мақсатында, газбен жабдықтау нысандары есепке алынады.Бұл туралы баспасөз мәслихатында газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистралдық құбырларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы
Жаңалық

Алматы облысының ауылдық округ әкімдеріне оқыту семинары өткізілді

Ағымдағы жылдың 28 мамырында Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ұйғыр ауданына қарасты 14 ауылдық округ әкімдері оқыту семинарына қатысты.Семинарға Әділет департаменті, Дін істер басқармасы, Ішкі саясат басқармасы,Талдау және Болжау
Жаңалық

Мақсұт Омарбаев Талғар аудандық мәслихат депутаты болып сайланды

2024 жылғы 31 наурызда өткен Талғар аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама 2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Талғар аудандық мәслихаттың шығып