Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығы. Жағдай қалай?

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысындағы жеке тұлғалардың банкроттығына байланысты баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Тура бір жыл бұрын наурыз айынан бастап, бүгінге дейін облыста 3 800-ден астам өтініш келіп түскен. Алайда оның ішінде 3 044 өтініш бойынша бас тартылған. Мұның басты себебі тұрғындар арасында қаржылық сауаттылықтың болмауы. Азаматтардың талап, шарттармен таныспай жатып өтініш беруінен дейді Мемлекеттік кірістер департаментінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма бөлімінің басшысы Асқар Қамзаев.
«Жетісу облысы бойынша жалпы 3 800-ден астам өтініш келіп түскен, оның ішінде 3 044 өтініш бойынша бас тартылған, қабылданып банкроттық рәсімі басталғаны 735 өтініш, оның ішінде екінші дәрежелі банктер, микроқаржылық және коллекторлық ұйымдардың алдындағы берешек сомасы 651 млн. тенгеден асатын 499 азамат банкрот деп танылды», — деді спикер.
Заңда рәсімнің 3 түрі қарастырылған. Атап айтсақ, соттан тыс банкроттық рәсімі – ең сұранысы көп рәсім. Сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Барлық үш рәсімді тек борышкер өзі ғана бастай алады, яғни оның кредиторлары бұл рәсімдерді бастамашы етуге құқығы жоқ. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтар өтініш бере алмайды, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса, осы кәсіпкерлігін жауып барып, жеке тұлға ретінде өтініштерін беру керек.
«Соттан тыс банкроттыққа өтініштер бұл рәсім бойынша өтініштерді E-gov веб-порталы немесе «E-salyg Azamat» мобилды қосымшасы арқылы қабылданады. Өтініштер «QOLDAU.KZ» веб-порталының TAZALAU сервисіне келіп түседі, одан кейін, бұл жүйеде автоматты түрде борышкердің кіру шарттарына сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен салыстыру жүргізіледі», — деп толықтырды Асқар Берікболұлы.
Азаматтарға банкроттық танылғаннан кейін 5 жыл несие алудан шектеледі. Тек 7 жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа жүгіну құқығы болады. Және 3 жыл бойы қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.Өз кезегінде, спикер банкроттық рәсімдерге қатысты оларды толық түсінуді және тиімді қолдауды қамтамасыз ету үшін неғұрлым белсенді ақпарат алмасу және халықпен консультациялар жүргізу қажеттігін атап өтті.

Related Posts

Қоғам

Жетісу облысында 11 мыңға жуық адам қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундалды

Бүгінде қызылша ауруымен сырқаттанушылар саны өсіп келеді. Жетісу облысында жыл басынан, 556 жағдай тіркеліп, оның 381-і расталған. Бұл туралы Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев журналистермен өткен баспасөз
Жетісу облысы

Жетісу облысында он күнде 79 қылмыс тіркелді

Республика бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде Жетісу облысында жалпы 79 қылмыс тіркеліп, оның  43-і  кезекшілік тәулікте  ашылды. Іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды. Осындай ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық
Қоғам

Талдықорғанда барлық дауыс беру учаскелері өз жұмысын тоқтатты

Таңсәріден басталып, кешке дейін жалғасқан 64 дауыс беру учаскелері дауыс берушілерді қабылдауын тоқтатты. Бұл жөнінде қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Әділет Рымтайұлы мәлімдеді. Талдықорғандықтар үшін 64 дауыс беру учаскесі таңғы сағат
Жетісу облысы

Референдумға самокатпен келді

Талдықорғандық жастар референдум күні белсенділік танытты. Олар өздернің сайлау учаскелеріне самокатпен келіп таңдауларын жасады. Жаңашылдыққа жаны жақын жастардың бұл әрекеті көпті қызықтырды. –    Бүгін еліміз үшін маңызды күн. АЭС-тің салынуына